• Дата публикации: 12/11/2019 - 16:31
    Мазмұны:

          Бүгін Нұр-сұлтан қаласында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ұйымдастырған "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі" халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов форумның ашылуына қатысты.

    «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы жыл сайын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы —Премьер-Министр А. Мамин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, «Роскосмос», «Airbus Defence and Space» корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: «М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО», «М.Ф. Решетнев атындағы АЖЖ» АҚ, «Транстелеком», «One Web», «Thales Alenia Space», SES, «Leica Geosystems, Satrec Initiative», «Eutelsat» және басқалары қатысты. 

         Шараның негізі мақсатының бірі - отандық ғарыш саласының жетістіктерімен бөлісіп, экономиканы дамыту үшін  ғарыш қызметін пайдаланып, озық әлемдік тәжірибелермен алмасу.

    Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың мамыр айында Қызылорда облысына сапары барысында Байқоңыр қаласын дамытудың тиімді тетіктерін анықтау және "Байқоңыр" еркін экономикалық аймағын құру қажеттігін атап өткен болатын. Соның ішінде "Ғарыш айлағының ауқымы мен бірегейлігі озық компаниялар мен перспективалы технологиялық стартаптармен жұмыс істеу үшін тамаша мүмкіндік беретіндігін"алға тартқан еді.

    Бүгінде "Байқоңыр "еркін экономикалық аймағын құру жөніндегі үкіметаралық келісімнің Тұжырымдамасы мен жобасы дайындалды, мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізілуде. "Байқоңыр" ғарыш айлағының туристік әлеуетін дамыту мақсатында "Байқоңыр" ойын-сауық туристік аймағын құру тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздемесі жыл соңына дейін әзірленбек. Оның аумағында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау бағытында туристік объектілерді орналастыру көзделіп отыр. "Байқоңыр"  Қазақстанның туристік картасының ТОП-10 қатарына еніп отыр", - деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

    Сонымен қатар, форумда "Байқоңыр" еркін экономикалық аймағын  құру жобасының тұсауы кесілді.

     

  • Дата публикации: 08/11/2019 - 12:05
    ,
    Мазмұны:

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылғаны жөнінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1130 бұйрығымен «Мемлекеттік сатып алуды өткізу ережесіне» тиісті өзгерістер енгізілуіне байланысты түсіндіру бойынша семинар – кеңес өткізді. Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша толық түсініктеме алған Облыс көлеміндегі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері өкілдері, облыстық басқармалар,облыс көлеміндегі жергілікті атқарушы органдары мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты, олар алдағы уақытта басшылыққа алынатын болады.

  • Дата публикации: 04/11/2019 - 12:17
    Мазмұны:

       Мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері арасында «Әкімшілік-ұйымдастыру және құқықтық жұмыстар» бөлімінің ұйыдастыруымен 2019 жылдың 31 қазанында “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды, оның пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыруы туралы аппараттық оқыту өткізілді.

    Басқарманың қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамытуды, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру туралы ашық пікірталас болды.

    Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

    Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

  • Дата публикации: 01/11/2019 - 17:51
    Мазмұны:

         Бүгін облыс әкімі, «Nur Оtan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов партия филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Сондай-ақ, қабылдауға қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов пен жауапты басқарма басшылары да қатысты.

    Қабылдауға келген Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы Шанжархан Бекмагамбетов, Қызылорда қаласында алыс жақын шет мемлекеттердің ғалымдарын жинап тіл мәселесіне қатысты ғылыми конференция ұйымдастыруды көтерді. Ол бұл тақырыппен 1995 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде екі монография, 50 аса ғылыми мақаласы еліміздің және шетелдік ғылыми басылымдарында жарияланған. Алғашқы монография – «Тілдік таным негіздері және тілдік символдар» Алматы баспасынан 1999 жылы жарық көрген.

    Қызылорда қаласы, Титов қыстағының тұрғыны Людмила Вершинина, балалар ойнайтын алаң ескіруіне байланысты жаңартып беруді сұрайды. Аталған ойын алаңы 2000 жылы салынған. Ескі алаң осы мөлтек ауданда тұратын балалар үшін қайта қалпына келтірілсе деген тілегін жеткізді. Аймақ басшысы Қ. Ысқақов қала әкімінің міндетін атқарушы Б. Нұридиновке аталған алаңды қалпына келтіру туралы тапсырма беріп, нәтижесін баяндауды жүктеді.

    Тасбөгет кентінің тұрғыны Мұрат Себепов қабылдауда екі мәселе көтерді. Бірі Қызылорда облысының тумасы Қалиев Хамит Калиевичке Халық қаһарманы атағын беру туралы және Қызылорда қаласының аэрофлотының негізін қалаған, кейін сол мекеменің директоры болып ұзақ жылдар қызмет еткен Дошимов Мәдениет Аббасовичке облыстың құрметті азаматы атағын беру жайлы өтінішін жеткізді. Бұл ұсыныс туралы да жауапты сала басшыларына тапсырма берілді.

    Қабылдауда «SKYPE» байланыс жүйесі арқылы да сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті.

    Жалағаш ауданындағы «Дәуімбай» 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысына қатысты «SKYPE» байланыс жүйесі арқылы Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сулейменов Кенжеғара сауалын жолдады.

    Осы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында, бюджеттік өтінім облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына өткізіліп, тиісті құжаттар республикалық тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылған. Жобаның құны 489,1 млн.теңге. Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 283 азамат тұр. Облыс әкімі Қ.Ысқақов Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріковке тұрғын үй мәселесін толық шешіп беруді тапсырды.

    Бүгінгі қабылдауда болған тұрғындардың мәселелері жауапты сала басшыларына тапсырылды.

    "Әрбір келушінің өтініші қараусыз қалмайды және барлық мәселе заң аясында тиісті шешімін табатын болады",- деді аймақ басшысы.

  • Дата публикации: 31/10/2019 - 18:14
    ,
    Мазмұны:

         Үстіміздегі жылдың қазан айында Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында кезекті құқықтық оқытуды жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Қали Айнұр Асқарқызы жүргізді.

    Құқықтық оқытуда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрығы негізінде құрылыс- монтаждау жұмыстарын сатып алуды 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурспен жүзеге асыру қажет екендігі түсіндірілді.

    Осылайша, басқарма қызметкерлері əрдайым ізденіс үстінде болып, білімін жетілдіріп отыруын қағидат ретінде ұстанады.

  • Дата публикации: 24/10/2019 - 17:22
    Мазмұны:

           Мемлекет басшысы Қызылорда облысының диқандарын толағай табысымен құттықтады.

    «Құрметті Сыр бойы диқандары!

    Қызылорда облысы – ауыл шаруашылығын қарқынды дамытып, ел қазынасын еселеп отырған берекелі аймақ.

    Биыл осы өлке диқандарының күріш өндіруден рекордтық көрсеткішті жаңартып, мол өнім жинау соның дәлелі. Өңірдегі 87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып, ел қамбасына 530 мың тоннадан астам ақ маржан күріш құйылды.

    Баршаңызды осындай толағай табыстарыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - делінген Президенттің құттықтау хатында.

  • Дата публикации: 23/10/2019 - 15:25
    Мазмұны:

         Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс бойынша 278 бюджеттік сала қызметкерлері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері сертификаттық тестілеуден өтуде.

    Ағымдағы жылдың 24-26 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 300 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті.

    ҚАЗТЕСТ сертификаттарының жарамдылық мерзімі деңгейіне қарай 3 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты қамтиды.

     

  • Дата публикации: 31/07/2019 - 16:52
    Мазмұны:

          2020 жылдың 1 қаңтарынын бастап халық саны 2000 және одан аз ауылдық округтерде дербес бюджет пен коммуналдық меншікті енгізу жоспарлануда.

    Осыған орай, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Жалағаш ауданында халық саны 2000 және одан аз аудандық маңызы бар 10 ауылдық округтердің әкімдері мен аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік кірістер департаментінің, әкономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшыларымен және қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін және коммуналдық меншікті енгізу тақырыптары бойынша көшпелі семинар өткізілді.

    Семинарда Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Шәмшиев Ербол Рысдәулетұлы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгенділігі туралы айтып өтті.

  • Дата публикации: 31/07/2019 - 10:20
    ,
    Мазмұны:

         Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы  «Birge Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясына ат салысып, қоршаған ортаны қорғауға белсене қатысуда.

    Сырдың бойын мекен еткен біздер үшін су жағалауындағы тазалық маңызды. Ендеше, тазалықты өзімізден бастайық!

  • Дата публикации: 10/07/2019 - 19:06
    ,
    Мазмұны:

        "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXV конференциясында партияның облыстық филиалының жаңа төрағасы болып Қуанышбек Ысқақов сайланды.

    Қызылордада "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXV конференциясы өтті, онда 3 мәселе қаралды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау, бұл қызметке Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың кандидатурасы ұсынылды. Делегаттар облыстық партия филиалының жаңа төрағасының кандидатурасын бірауыздан қолдады. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қуанышбек Ысқақовты құттықтап, куәлік табыстады.

        «Қуанышбек Досмайылұлын жаңа жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймын. Ол - осы өңірдің тумасы, өз ісінің маманы, жауапты қызметтерді атқарған тәжірибелі басшы. Қырымбек Елеуұлы Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезде көп еңбек атқарды, Сыр өңірін дамыту үшін, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлерді қолдау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиемен қамтамасыз ету және т. б. маңызды мәселелер бойынша көп жұмыстар істеді. Қуанышбек Досмайылұлы да аймақтың әлеуметтік мәселелерін оңтайлы шешуде аянбай еңбек етеді деп сенемін»,-деді Б.Байбек.

    Өз кезегінде әріптестеріне сенім білдіргені үшін Қуанышбек Ысқақов алғысын білдіріп, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

    Келесі мәселе - "Nur Otan" партиясы Қызылорда облыстық филиалының Саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізу. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілестің ұсынысымен облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Қуанышбек Ысқақов Саяси кеңес бюросының мүшесі болды.

    Саяси кеңес бюросының мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің төрағасы Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, Қырымбек Елеуұлының аймақты дамыту жолындағы еңбегін ерекше атап өтіп, Қуанышбек Досмайылұлын партия мүшелерінің атынан құттықтады.

        Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясының алдағы уақыттағы міндеттерін белгілеп, сайлауалды штабтың жұмысына белсенді қатысқан партия мүшелерін Президенттің Алғыс хатымен марапаттады.

    Айта кетейік, Қызылорда облысында 51333 мүшесі бар 245 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. 2018 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан 3196 өтініш түсіп, олардың 35,5 пайызы оң шешімін тапты. Ал ағымдағы жылдың 6 айында 1738 өтініш келіп түскен. Олардың 80 пайызға жуығы әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, жұмыспен қамту секілді мәселелерден құралған. Осы өтініштердің 28,1 пайызы оң нәтижесін тапты.

Беттер

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика