Қызылорда облысы әкiмдігінің

2016 жылғы 3 қарашадағы

№ 629 қаулысымен бекітілген

«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 

Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы функцияларды, сондай-ақ, облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік сатып алуларды, сондай-ақ, облыс әкімдігімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

15. Негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаржының оңтайлы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

16. Функциялары:

1) тапсырыс беруші бекіткен немесе нақтылаған мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алулардың алдын ала жоспары) негізінде конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс), аукцион, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;

2) облыс әкімдігі айқындаған бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3) әрбір конкурсқа немесе аукционға жеке конкурстық немесе аукциондық комиссияны бекіту және конкурстық немесе аукциондық комиссияның хатшысын айқындау;

4) қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушілер ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындау үшін сараптау комиссиясын не сарапшыны бекіту;

5) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін, сондай-ақ, конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда,  конкурс немесе аукцион жүргізудің шарттары мен тәртібін анықтау үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы қалыптастыру және оны тапсырыс берушімен келісу;

6) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын тапсырыс берушіге бекіту үшін ұсыну.

Мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту;

7) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылауды ұйымдастыру;

8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ, конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың жобасын мемлекеттік сатып алулар веб-порталында орналастыру;

9) заңнамамен бекітілген тәртіпте бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiн, бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi лоттарға бөлу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуларды жүзеге асыру;

10) әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдік түрінде қағаз тасығышта енгізген конкурсқа немесе аукционға қатысуды қамтамасыз етуін қабылдап алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына есепке алу;

11) заңнамамен көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушінің конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтаруды жүзеге асыру;

12) заңнамамен көзделген жағдайларда конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын тиісті бюджет кірісіне жатқызылуы бойынша шаралар қолдану;

13) заңнамамен көзделген жағдайларда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулардың жеңімпазына мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жіберу;

14) заңнамамен көзделген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттi органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) Басқарма:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

 

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарманың бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жататын Басқарма қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелерi оның құзыретiне жататын Басқарма қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. Басқарманың жұмыс режимі:

1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

 Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма  әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

 

4. Басқарманың мүлкi

24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


 

Құрылған күні: 30-03-2015 18:43
Жаңартылған күні: 22-05-2018 15:25

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика