Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңы

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы

12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау

    Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін. 

    Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

   Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағым беру және оны қарау тәртібі «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшылығының азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесі

р/с

Қабылдау жүргізетін тұлғаның аты-жөні

Лауазымы 

Қабылдау күндері

Қабылдау уақыты

1

Ерсейітова Жанзира Қазиқызы

Басқарма басшысы

Әр аптаның бейсенбі күні

16.00-18.00

2

Исмағұлов Талғат Абдулхаисұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның жұма күні

16.00-18.00

3

Махшатов Исабек Бақытжанұлы

Басқарма басшысының орынбасары

Әр аптаның сәрсенбі күні

10.00-12.00

   Азаматтарды қабылдау, олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша, қабылдау өтетін орын, қабылдау уақыты, тіркелу тәртібі жайлы азаматтар ақпарат алуларына болатын байланыс телефондары: 8 (7242) 60-54-18; 60-54-19. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқармада «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Сенім телефоны жөнінде ақпарат облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» басылымдарында жарияланды.

    Жеке қабылдауды жүргізетін жауапты қызметкер: Сармолдаева Айгерім Дайрабайқызы – Әкімшілік бөлімінің бас маманы.

    Басқарманың сенім телефоны - 60-54-18.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының

халықпен жұмысы туралы 2016 жылдың мәліметі

       Басқарма жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін басқарманың 60-54-18 сенім телефонымен қоса облыс аумағына таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне жарияланып, облыс әкімінің ресми интернет – ресурсындағы басқарманың сайтына орналастырылды.

     2016 жылы басқарма қарауына 58 өтініш келіп түсіп, оның 53– заңды тұлғалар тарапынан жолданса, 5-і жеке тұлғалардан берілген. 21 өтінішке басқармамен қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жауаптар жолданса, 37 өтініш арыз иелерін хабардар ете отырып, құзыретті органдардың қарауына жіберілді. Ағымдығы жылғы өтініштер саны 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 есеге артқан. Бұған қоса, басқарма басшылығымен 40 заңды тұлғаның өкілін жеке қабылдап, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Сондай-ақ, веб портал арқылы 1 өтініш тіркелді. Аталған өтініш қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданды. 2016 жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 11 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді. Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

     2016 жыл бойына басқармамен 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (жартыжылдық қорытындылары бойынша) жүргізіліп, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жасалды.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 27 шара жүзеге асырылды, оның ішінде:

- құқықтық оқыту жұмыстары – 11;

- басқарма басшысының жұмыс отырыстары – 5;

- облыс қала, аудандарын аралау арқылы өткізілген семинарлар – 8;

- орталық атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілген оқулар – 1;

- облыс қала, аудандарының мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғаларының қатысуымен өткізілген семинарлар – 2

    2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру бағытында 1 материал жарық көрді.

Басқарма басшысының облыстық телеарнадан негізгі қызмет, мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы сұхбаты ұйымдастырылды.

Басқарманың порталында 2016 жылы 14 ақпараттық материалы шығарылды, оның ішінде:

-негізгі қызмет бойынша – 3;

-мемлекеттік қызметті өткеру – 1;

-қайырымдылық шаралары туралы – 3;

-оқыту семинарлары туралы – 4;

-қоғамдық жұмыс бойынша – 1;

-тұрғындарды қоғамдық қабылдауға қатысты – 2 материал.

   2016 жылдың жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

30.12.2016 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы 2016 жылдың 3 тоқсанына мәліметі

Басқарма жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін басқарманың 60-54-18 сенім телефонымен қоса облыс аумағына таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне жарияланып, облыс әкімінің ресми интернет – ресурсындағы басқарманың сайтына орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында басқармаға жеке тұлғалардан 4 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 40 өтініш және иесі бүркемеленген 1 өтініш келіп түскен. Олардың 32-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 12-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген. Иесі бүркемеленген өтініш бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың атына қызметтік хат жолданды. Нәтижесімен, Қ. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс отырысы ұйымдастырылып, өтініш мәселесі талқыланып, қорытындысымен өтініш бақылаудан алынды. Ағымдығы жылғы өтініштер саны 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2 есеге артқан.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 40 заңды тұлғаның өкілін жеке қабылдап, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге артқан. Сондай-ақ, веб портал арқылы 1 өтініш тіркелді. Аталған өтініш қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданды.

Ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 11 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді. Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

          Үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

01.10.2016 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2016 жылдың 2 тоқсанына мәліметі

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында басқармаға жеке тұлғалардан 3 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 27 өтініш және иесі бүркемеленген 1 өтініш келіп түскен. Олардың 24-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 5-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген, ал қалған 1 өтініш қаралу сатысында. Иесі бүркемеленген өтініш бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың атына қызметтік хат жолданды. Нәтижесімен, Қ. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс отырысы ұйымдастырылып, өтініш мәселесі талқыланып, қорытындысымен өтініш бақылаудан алынды. Өткен жылмен салыстырғанда өтініштер саны 3,5 есеге артқан.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 31 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге артқан.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 5 жеке тұлғаларды қабылды. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

Талдаумен қамтылған мерзімде жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған. 

01.07.2016 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2016 жылдың I тоқсанына мәліметі

Басқарма жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін (ҚР «Мемлекет қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына және Әдеп кодексіне қатысты жол берілген заң бұзушылықтар туралы хабарлау) басқарманың 60-54-18 сенім телефонымен қоса облыс аумағына таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы сандарына жарияланып, облыс әкімінің ресми интернет – ресурсындағы басқарманың сайтына орналастырылды.

Бұған қоса, басқарманың кіре берісіне орнатылған азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігіне түсетін өтініштердің уақытылы кіріске алынуына тұрақты бақылау орнатылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда аса ұқыптылық таныту және олармен жұмыс жасауда заңнама нормаларын қатаң сақтау  барлық қызметкерлерден талап етіліп, ескертілді.

Сонымен бірге, арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқарма бойынша қызметкерлердің жеке қабылдауын міндетті түрде  басқарма басшысының орынбасарлары немесе бөлім басшыларының қатысуымен және есепке алу карточкасын толтыру арқылы жүргізу (күзет пункітінен кіруге рұқсат құжаты негізінде) тапсырылды.

Басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларына  бұл бағыттағы қызметтің заңдылығына ведомстволық бақылауды күшейтіп, өтініштердің жан-жақты және объективті түрде қаралуына, өтініш иелеріне белгіленген мерзімде түпкілікті әрі нақты жауап берілуіне дербес жауапкершілікте болатыны ескертілді.

Ағымдағы жылдың І-тоқсанында басқармаға жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 6 өтініш келіп түскен. Олардың 5-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, 2-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген, ал қалған 1 өтініш қаралу сатысында.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 20 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 3 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

Ағымдағы жылдың I тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

01.04.2016 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2015 жылына мәліметі

    2015 жылы басқармаға жеке тұлғалардан 17 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 35 өтініш келіп түскен. Олардың 7-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 45-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2015 жылдың 4 тоқсанына мәліметі

    2015 жылдың 4-тоқсанында басқармаға жеке тұлғалардан 1 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 4 өтініш келіп түскен. Олардың 3-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 2-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген. Өткен жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 2,4 есеге азайған. (2014 жылдың 4 тоқсанында 12 өтініш).

    Бұған қоса, басқарма басшылығымен 8 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 4 есеге көбейген. (2014 жылдың 4 тоқсанында 2 жеке қабылдау жүргізілген).

    Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 8 жеке тұлғаларды қабылды. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

    Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

    Талдаумен қамтылған мерзімде жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

05.01.2016 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2015 жылдың 3 тоқсанына мәліметі

    2015 жылдың 3 тоқсанына басқармаға жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен барлығы 15 өтініш келіп түскен. Олардың 4-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 14-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,7 есеге көбейген. (2014 жылдың 9 айында 3 өтініш).

    Бұған қоса, басқарма басшылығымен 10 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 2 есеге көбейген. (2014 жылдың 9-айында 5 жеке қабылдау жүргізілген).

01.10.2015 ж.

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының халықпен жұмысы туралы

2015 жылдың 2 тоқсанына мәліметі

    2015 жылдың 2 тоқсанына басқармаға 3 өтініш келіп түсіп, олардың 2-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 1-і негізінен қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген.

    Сондай-ақ, басқарма басшылығымен 5 жеке және заңды тұлғаның өкілі жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.

01.07.2015 ж.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 31-01-2017 19:15

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика