Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары мен бұйрықтардың тізбесі

- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары;

- Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары;

- Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы бұйрық.


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы Заңымен (бұдан әрі - Заң) Еңбек кодексінің 127-бабына Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін айқындау туралы құзыретті бекіту бөлігінде толықтырулар енгізілген.

Заңды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен (бұдан әрі - № 256 қаулы) Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбi көзделген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары бекітілген.

Осыған байланысты:

  1. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  6 ақпандағы №108 қаулысының күшi жойылды деп танылған;
  2.  «Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1428 қаулысына (бұдан әрі - №1428 қаулысы) өзгерiстер енгізілген:
  • Ереженің мәні бойынша енді Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін ғана айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібі жөніндегі ереженің 9, 10, 11 және12-тармақтары алып тасталынған.

Айтылғандардың негізінде, қызметкерлерді iссапарларға жiберген кезде №1428 қаулысымен іссапарға жіберу бойынша тәртібін, №256 қаулысымен қызметтiк іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін басшылыққа алу қажет.

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы облыс көлеміндегі тапсырыс берушілер тарапынан жаңа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының (мұнан әрі – Заң) талаптары бойынша туындап отырған бірқатар сұрақтар көлемінің жинақталуына байланысты, уәкілетті орган ретінде Қазақстан Ренспубликасы Қаржы министрлігіне жауап алу мақсатында жолдап отырған сұрақ-жауаптардың тізбесі

1. Заңның 2 бабының 7) тармағына сай, демпингтiк баға – конкурсқа қатысушы жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетiлген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылатын баға. Техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға баға, егер баға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылған жағдайда демпингтік деп танылады.

Сұрақ: Қаланың санитарлық тазалығын және абаттандыруды қамтамасыз ету жұмыстарына архитектуралық, құрылыс, мемлекеттік сараптамадан өткізу міндетті ме, демпингтік баға қойылады ма?

Жауап 1: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңының 2 бабының 7 тармағына сәйкес, демпингтiк баға – конкурсқа қатысушы жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада, техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетiлген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылатын баға. Техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға баға, егер баға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген бағалармен салыстырғанда төмен болып табылған жағдайда демпингтік деп танылады.

Сондай-ақ, Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (әрі қарай - Ереже) конкурсқа қатысуға өтінімнің демпингтік бағасын айқындайтын толық тізімі ұсынылған.

Сонымен бірге, сәулет және құрылыс саласының уәкілетті органы ұлттық экономиканың министрлігі болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгенің негізінде, санитарлық тазалау және көгалдандыруды қамтамасыз ету жұмыстарының мемлекеттік сараптамадан өткені туралы сұрақтар осы министрлігінің құзыретіне кіреді.

 

2. Заңның 2 бабының 15) тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі.

Сұрақ: Веб-порталдың техникалық қолдау жұмысын жақсарту бойынша шаралар қабылданады ма? Іс жүзінде олардан телефон байланысы арқылы кеңес алу үшін 25-50 минутқа дейінгі уақытты алса, электрондық поштасына жазылған кейбір сауалдар жауапсыз қалып жатқаны туралы айтылуда.

Жауап 2: Заңның 17 бабында мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың өкілеттіктері қаралған.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылдың 21 желтоқсандағы 668 бұйрығы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы болып «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-ті айқындады.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында кездесетін ақаулықтар бойынша сұрақтармен «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-не хабарласуыңыз тиіс.

Сонымен қатар, қаржы министрлігі веб-порталда кездесетін ақаулықтарды жою мақсатында апта сайын «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС-нің ұжымымен жұмыс кездесуін өткізуде.

Веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері қаржы министрлігінің басшыларының үнемі бақылауында.

 

3. Заңның 37 бабының 4 тармағында берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.

Сұрақ: Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласының лицензиялау салаларына жатқызылған. Осы ретте, байланыс, телекоммуникация қызметін сатып алу баға ұсынымы тәсілі бойынша жүргізіледі ме?

Жауап 3: Заңның 37 бабының 4 тармағына сәйкес берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Осыған байланысты, тисті рұқсат құжаттарды алуды талап ететін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

4. Заңның 39 бабының 3 тармағының 1) тармақшасында табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу негізінде жүзеге асырылады деп айқындалған.

Сұрақ: электр энергиясын осы норма негізінде кез келген осы салада жұмыс жасайтын мекемеден алуға болады ма?

Жауап 4: Заңның 13 бабының 2 тармағына сәйкес, тапсырыс беруші осы Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындайды.

Заңның 39 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сатуды мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылады.

Осылайша, энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету бәсекелестік ортада екендігін ескере отырып, Заңның 39 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес тапсырыс беруші энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсету бәсекеге қабілетті жолдары ретімен де (конкурс, аукцион), сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

 

5. Заңның 39 бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сай, «ҚР заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу» мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу негізінде жүзеге асырылады.

Сұрақ: Осы норманы басшылыққа алып, тапсырыс берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру үшін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бағасы немесе тарифы белгіленген заңдылық нормаларының тізбесі туралы ақпарат берсеңіз?

Жауап 5:  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Үкіметпен және тиісті уәкілетті органмен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар мен тарифтер бойынша толық ақпарат алу үшін тиісті уәкілетті органы-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.

 

6. Заңның 39 бабы 3 тармағының 53) тармақшасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу негізінде жүзеге асырылатындығы нақтыланған.

Сұрақ: Ғимаратты жалға алу қызметін осы норма негізінде жүзеге асырылады ма?

Жауап 6: Заңның 39 бабының 3 тармағының 53-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды жалдау, тұрғын емес мақсаттағы жалданатын үйді, құрылысты, ғимаратты, үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, егер тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген, тұрғын емес үй-жайлар орналасқан үйдегі тұрғын емес үй-жайларды пайдаланатын басқа тұлғаға немесе тұлғаларға осындай қызметтер көрсетілетін болса, тапсырыс берушіге өтеусіз пайдалануға және (немесе) жедел басқаруға берілген тұрғын емес бір немесе бірнеше үй-жайды техникалық күтіп-ұстау, күзету және оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

Осылайша, Заңның 39 бабының 3 тармағының 53-тармақшасында белгіленген тәртіпке сәйкес тапсырыс беруші тұрғын емес мақсаттағы үйді жалдауға көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

 

7. Заңның 43 бабының 18 тармағы негізінде, тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

Сұрақ: 2015 жылы желтоқсан айының соңғы онкүндігінде тізімге сәйкес үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлар, көрсетілетін қызметтер үшін жасалынған қосымша шарттарды Қазынашылық органдары белгісіз себептермен тіркеуден бас тартқан болатын. Осы ретте, ағымдағы жылдың аяқ шенінде тапсырыс берушінiң 2017 жылдың бастапқы кезеңіне үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзарту құқығын Қазынашылық органдары тарапынан өздері басшылыққа алатын норма негізінде шектей ала ма? Қаланың санитарлық тазалығын қаматамасыз ету үшін былтырғы 2015 жылғы шарт жасасқан кәсіпкермен осы, яғни 2016 жылы Заңның 43 бабының 18 тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2 ай мерзімге шарт жасасуға болады ма?

Жауап 7: Заңның 43 бабының 18 тармағына сәйкес, тапсырыс берушінiң үздіксіз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс беруші уәкілетті орган бекіткен тiзбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданысын конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттiк сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге ұзартуға құқылы.

Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішінде тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, ҚР-ның «нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес нормативтик құқықтық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Осылайша, 2015 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайында тапсырыс берушілер осындай сатып алу кезінде қолданылып жүрген заңнамасын басшылыққа алады (2007 жылдың 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы).

Заңның 39 бабының 3 тармағының 50-тармақшасына сәйкес, егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Осыған сәйкес, Заңның 43 бабының 18 тармағында белгіленген жағдайда мемлекеттік сатып алулардың тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар  мемлекеттік сатып алулар туралы шартты ұзартуға құқылы, сондай-ақ, Заңның 3 тармағының 50-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жоғарыда қарастырылған ережелерде көзделген талаптарды міндетті сақтай отырып.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қорытындысы (ұзарту) жоғары көрсетілген қағидаларда қамтылмаған жағдайда рұқсат етілмейді.

 

8. Сұрақ. Балабақшаларды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 21.07.2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4 бабының алынылып тасталуына сәйкес, қандай нормамен жүзеге асырылғаны дұрыс?

Жауап 8: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 бабының 4-1 тармағына сәйкес, Мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруға жұмсалатын шығыстарды толығымен немесе ішінара өтейді.

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.

Осы арада, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңадан бекітілген Заңы бойынша ерекше тәртіппен алынатын мемлекеттік сатып алу жұмыстары, сондай-ақ қағаз түрінде жасалатын мемлекеттік сатып алу қарастырылмаған.

Сонымен бірге, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 2015 жылында осы ерекше тәртіппен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу «Алтын күз» және «Малшылар слөті» деген іс-шаралар жаңа Заңға сәйкес 2016 жылы қандай тәртіппен жүргізіледі?

 

9. Сұрақ. Шиелі аудандық білім бөлімі, Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №20 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық білім бөліміне қарасты мектептерге ыстық және құрғақ тамақты ұйымдастыру кезінде әлеуетті өнім беруші жосықсыздар тізілімінде енгізіліп тұрған жеке кәсіпкерлер болған жағдайда, аталған кәсіпкерлердің өтінімін кері қайтаруымыз керек пе?

Жауап 9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Ереже) бекітілген.

Ережені әзірлеуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

Осыған орай, Сізге толық жауап алу үшін аталған Министрлікке жүгіну керек.

 

10. Сұрақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңадан бекітілген Заңы бойынша ерекше тәртіппен алынатын мемлекеттік сатып алу жұмыстары, сондай-ақ қағаз түрінде жасалатын мемлекеттік сатып алу қарастырылмаған.

Сонымен бірге, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 2015 жылында осы ерекше тәртіппен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу «Алтын күз» және «Малшылар слөті» деген іс-шаралар жаңа Заңға сәйкес 2016 жылы қандай тәртіппен жүргізіледі?

Жауап 10: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу көзделген (Заңның 50-бабы).

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі.

Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады.

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды қағаз форматында жүзеге асыру.

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен айқындалған.

Мәселен, Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттаманың мәтіндерін конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылуы туралы хабарламаны, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамаларын, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы, жіберу туралы және конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды тапсырыс берушілердің интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмай жүзеге асырылады.

Осылайша, ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу қағаз форматында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмай жүзеге асырылады.

 

11. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының» (ҚР ҚМ 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығы) конкурстық құжаттамаға №5 Қосымшасы 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажетті растаушы қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

Қағиданың 3-тармағының 10-тармақшасында құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін  қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат екендігі көрсетілген.

Қызылорда қалалық прокуратурасының заңды түсіндіруі бойынша   техникалық паспорттардың немесе өзге де материалдық ресурстардың бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың ксерокстік көшірмесінің сканерленген нұсқасын әлеуетті өнім берушінің материалдық ресурсы ретінде есепке алуға жол берілмейді.

Сұрақ:

1.Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен құжаттың электрондық көшірмесін қалай және қандай нысанда куәландыра алады?

2.Конкурстарды өткізу барысында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылмаған құжаттың түпнұсқасының сканерленген нысанын есепке алуға болады ма? 

Жауап 11: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.

Солай, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16) тармақшасына сәйкес, электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

Сонымен қатар, Қағидаларының 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат.

Сондай-ақ, Қағидаларға 4-қосымшаның 16-тармағына сәйкес, Конкурсқа қатысуға өтінім электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттардың электрондық көшірмелері не әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға өзінің сәйкестігін растайтын электрондық құжаттары көшірмелерін қамтуы тиіс.

Бұл ретте, конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері бейненің түсіне қарамастан, дәл және анық болуы тиіс.

Сонымен қатар, заңнамамен құжаттардың тек қана түрлі-түсті электрондық көшірмелерін ұсынуда шектеулер көзделмеген.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 11-бабының 2- тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші ұсынатын ақпараттың анықтығын тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

 

12. ҚР Қаржы Министрінің 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (әрі қарай-Қағида) 150-тармағының 1-тармағының 8-абзацында әлеуетті өнім беруші келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса конкурсқа жіберілмейді:

- әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі.

Әлеуетті өнім беруші сатып алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін ие болуға міндетті негізгі жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының тізбесі ҚР заңнамасына сәйкес сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалаушы әзірлеуі және келісуі мүмкін.

Ал, конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасының талабында растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті.

Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда, растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеуге де болады.

Сұрақ: Конкурстық құжаттамада, сол сияқты негізгі жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының тізбесінде көрсетілмеген жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының растаушы құжаттарының электрондық көшірмелерін ұсынбаған әлеуетті өнім берушіні конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат бермеуге құқылы ма? 

Жауап 12: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңнының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қойылады,оның ішінде, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы.

Бұл ретте Заңның 9 - бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:

1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.

Заңның 9 - бабының 3-тармағыно сәйкес әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 150 тармағына сәйкес әлеуетті өнім беруші конкурсқа жіберілмейді егер, ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса.

Әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде сәйкес келмеуі. Бұл ретте, тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетілуі мүмкін. Әлеуетті өнім беруші сатып алынатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін ие болуға міндетті негізгі жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалаушы әзірлеуі және келісуі мүмкін.

 

13. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының» (ҚР ҚМ 11.12.2015 жылғы №648 бұйрығы) конкурстық құжаттамаға №5 Қосымшасы 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші жұмыстарды орындау үшін қажетті растаушы қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (тетіктердің, машиналардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.

Қағиданың 3-тармағының 10-тармақшасында құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін  қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат екендігі көрсетілген.

Қызылорда қалалық прокуратурасының заңды түсіндіруі бойынша   техникалық паспорттардың немесе өзге де материалдық ресурстардың бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың ксерокстік көшірмесінің сканерленген нұсқасын әлеуетті өнім берушінің материалдық ресурсы ретінде есепке алуға жол берілмейді.

Сұрақ:

1.Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен құжаттың электрондық көшірмесін қалай және қандай нысанда куәландыра алады?

2.Конкурстарды өткізу барысында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылмаған құжаттың түпнұсқасының сканерленген нысанын есепке алуға болады ма?

Жауап 13: Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалардың (бұдын әрі - Қағадалары) 3-тармағының 12) тармақшасымен электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі белгіленген.

Қағидалардың 3-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат.

 

14. ҚР Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (әрі қарай-Қағидалар) 26-тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындауға құқылы.

Сұрақ: Қала, аудан әкімдіктеріне қарасты тапсырыс берушілер облыс әкімінің қаулысымен бірыңғай ұйымдастырушы деп танылған облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасын Қағидалардың 26-тармағына сәйкес конкурс (аукцион) бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындауға құқылы ма?

Жауап 14: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағидалар) 26-тармағына сәйкес, конкурс (аукцион) тәсілімен ұйымдастырылатын және өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушымен келісім бойынша оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындауға құқылы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжірибесінің болуы.

Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.

Сондай-ақ, Заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Қағидалардың конкурстық құжаттамаға біліктілігі туралы мәліметтер көрсетілген 5-қосымшасының ескертпесінде егер конкурс мәні болып құрылыс табылған жағдайда орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері және объектіні пайдалануға қабылдап алулар жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.

Алайда, егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

 

15. Қағидалардың 60-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 22, 24 және 25-тармақтарында көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысы, ал осы Қағидалардың 21 және 23-тармақтарында көзделген жағдайларда  конкурстық комисияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалады.

Сұрақ: Тапсырыс берушілер Қағидалардың 26-тармағына сәйкес бірыңғай ұйымдастырушыны конкурс (аукцион) бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде айқындаған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып қандай лауазымды адам айқындалады?

Жауап 15: Қағидалардың 56-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссия хатшысын айқындау туралы шешімді бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қабылдайды.

 

16. Қағидалардың конкурстық құжаттамаға біліктілігі туралы мәліметтер көрсетілген 5-қосымшасының ескертпесінде егер конкурс мәні болып құрылыс табылған жағдайда орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері және объектіні пайдалануға қабылдап алулар жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.

Сұрақ: Конкурстық комиссия жұмыс тәжірибесін қарау барысында орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелерін ғана есепке алуға құқылы ма немесе орындалған жұмыстар актілерінің және объектіні пайдалануға қабылдап алулар актілерінің электрондық көшірмелерінің толық болуы міндетті ме?

Сол сияқты конкурс мәні болып құрылыс табылған жағдайда конкурстық комиссия жұмыс тәжірибесін қарау барысында орындалған жұмыстар актілерінің  (Ф-2) электрондық көшірмелерінің толық болуын талап етуге құқылы ма?

Жауап 16: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;

4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы;

5) жұмыс тәжірибесінің болуы.

Осы тармақтың 5) тармақшасының талабы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.

Сондай-ақ, Заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші өзінің осы бапта белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген тиісті құжаттарды ұсынады.

Қағидалардың конкурстық құжаттамаға біліктілігі туралы мәліметтер көрсетілген 5-қосымшасының ескертпесінде егер конкурс мәні болып құрылыс табылған жағдайда орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері және объектіні пайдалануға қабылдап алулар жұмыс тәжірибесін растаушы құжат болып табылады.

Алайда, егер осы конкурста жұмыс тәжірибесінің болуы біліктілік талабы болып табылмаған жағдайда растаушы құжаттардың электрондық көшірмелерінің болмауы тиісті шартты жеңілдікке әсер етеді.

 

17. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» заңының 39 бабының 3 тармағының 29) тармақшасында  қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындарының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өндіру үшін шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы заңды тұлғалармен жасасқан шарттарда көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, көрсетілген кәсіпорынның осы шарттар негізінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мақсатында осындай шикізатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алуы деп көрсетілген.

Сұрақ: Облыстағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ҚАЖ комитетінің түзеу мекемелерден тапсырыстар қабылдай ала ма?

Жауап 17: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3 тармағының 29) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу  қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтілген жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және "Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы қабылданды (бұдан әрі  - Қаулы).

Осыған байланысты, тапсырыс беруші Қаулының барлық талаптарын сақтаған жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 29) тармақшасын басшылыққа алуға құқылы.

 

18. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнының (бұдан әрі - Заң) 29-бабының 2-тармағына сәйкес, егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылса, тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы.

Сонымен қатар, Заңның 37-бабының 4-тармағына сәйкес,берілуі (орындалуы, көрсетілуі) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат алуды немесе хабарлама жіберуді талап ететін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

 Сұрақ:  Осылайша, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған мемлекеттік сатып алуды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға Заңмен жол берілмейді.

Жауап 18: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заңы) 45 бабымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздерінің жеткілікті тізбесі қарастырылған.

Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізу бойынша негіздеме Заңының 45 бабының 2 тармағымен белгіленген.

Осылай, Заңының 45-бабының 2 тармағына сәйкес өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгеріс енгізуге:

- мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт сомасының өзгермеуі талабымен мемлекеттік бюджет есебінен жылдар бойынша қаржыландыру өзгертілген немесе жұмыстардың сметалық құны азайтылған және кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға тиісті өзгерiстер енгiзілген жағдайда, жұмыстарды орындау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде;

- тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды адамына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуымен байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда, жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

- егер өнім беруші берілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылса, тауарды беру жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты осындай өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жол беріледі.

Бұл ретте, Заңының 45-бабының 3 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын және (немесе) осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсынысты өзгертетін өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Осылайша, өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермеуі талабымен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа мерзімдерін өзгерту бөлiгiнде өзгеріс енгізуді жоғарыда көрсетілген негіздері бойынша рұқсат етілді.

 

19.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 9-бабы, 1-тармағы, 4)-тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы біліктілік талаптары қойылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (әрі қарай – Қағида) 150-тармағына сәйкес, егер конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбаса әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) конкурсқа жіберілмейді.

Ал, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Қаржы министрінің 13.06.2018 жылғы № 562 бұйрығымен Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен бірге 5-қосымша да өзгерді.

Сұрақ: 2018 жылдың 1 шілдесінен кейін, яғни Қағида өзгергеннен кейін жарияланған конкурстар барысында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімінде 2018 жылдың 1 шілдесіне дейінгі Қағидаға сәйкес 5-қосымша (ескі нұсқадағы) ұсынылған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілуі немесе жіберілмеуі тиіс пе?

         Егер, конкурсқа жіберілмеу тиіс болған жағдайда ескі нұсқадағы

5-қосымшада көрсетілген әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтері есепке алынуы немесе алынбауы тиіс пе?

Жауап: 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 562 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген, оның ішінде, конкурстық құжаттамаға 5 қосымшасына ҚМЖ тиісті рұқсаты (лицензиясы) бар және бар объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады, сондай-ақ, құрылыс саласында жұмыс тәжірибесін есептеу туралы.

         Сонымен қатар, Қағидалардың 150-тармағы 1) тармақшасының төртінші бөлігіне сәйкес әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы болып танылған) егер ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса конкурсқа жіберілмейді.

Осылайша, әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтері конкурстық құжаттаманың 5, 6 және 7 – қосымшаларына сәйкес болуы қажет.

Құрылған күні: 17-02-2016 16:51
Жаңартылған күні: 24-12-2018 10:03

Сұрақ қою

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика