Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен 2016 жылдың атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) облыс әкімдігінің 07.03.2014 жылғы № 512 қаулысы негізінде құрылды. Облысымызда мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылғалы бері өңірімізде мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік пен оларға сатып алуларға қатысуға теңдей мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу процестерінің жариялылығы мен ашықтығы, отандық тауар өндірушілерге, мүгедектер құрған ұйымдарға қолдау көрсету бағытында көптеген жұмыстар атқарды.

Облысымызда мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылғалы бері өңірімізде мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік пен оларға сатып алуларға қатысуға теңдей мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу процестерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар атқарды.

Ағымдығы жылы мемлекеттік сатып алу басқармасымен атқарылғын жұмыстарға тоқсалсақ. Атап айтқанда:

Негізгі қызмет және алдағы атқарылатын жұмыстар бағыттары:

2016 жылы Басқармамен жалпы құны 21 млрд. 633 млн. теңгені құрайтын (ҚҚС-н есептемегенде) 61 конкурс өткізілді. Сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы 1 млрд. 541 млн. теңгені құрады.

Кураторлық шеңберінде 2016 жылы басқарма қызметкерлері жалпы сомасы 5 млрд. 122 млн. теңгеге өткізілген 44 конкурстық комиссияның жұмысына қатысып, нәтижесімен 226 млн. теңге үнемделді.

Ұйымдастырылған сатып алулар ішінде:

1) көрсетілетін қызметтер:

- 70 млн. теңгенің (ҚҚС-н есептемегенде) 6 конкурсы ұйымдастырылып, 8, 3 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді;

2) орындалатын жұмыстар:

- 21 млрд. 563 млн. теңгені құрайтын 55 конкурс өткізіліп, жалпы сомасы 1 млрд. 533 млн. теңге үнемделген.

Кураторлық шеңберінде:

1) көрсетілетін қызметтер: 19 млн. теңгенің 4 конкурсы өткізілді;

2) орындалатын жұмыстар: 5 млрд. 094 млн. тенгені құрайтын 39 конкурс;      

3) тауарларды алу: 9 млн. теңгеге 1 сатып алу жүргізілді.

 

2017 жылы басқармамен атқарылатын жұмыстар:

Облыстың бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен келіп түскен мәліметке сай, тапсырыс берушілер 2017 жылы конкурс және аукцион тәсілімен 49 млрд. 540 млн. теңгені құрайтын 378 конкурс өткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде:

 -тауарларды алу - 2 млрд. 378 млн. теңгеге 120 конкурс;

-көрсетілетін қызметтер - 2 млрд.  188 млн. теңгенің 101 конкурсы;

-атқарылатын жұмыстар - 44 млрд.  974 млн. теңгені құрайтын 157 конкурс.

Аталған сатып алуларға қатысты басқарманың ұйымдастырушысы немесе кураторлық шеңберінде қатысуы бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен келісе отырып, жүргізілетін болады.

      Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жүргізілген жұмыстар:

2016 жылы басқармамен облыс бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жалпы сомасы 242,6 млн. теңгені құрайтын 2 конкурс өткізілді. Сатып алулар қорытындысымен 16,5 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді, оның ішінде:

- көрсетілетін қызметтер - 22,5 млн. теңгенің 1 конкурсы (инвестициялық форум)  өткізіліп, 5,5 млн. теңге қаржы үнемделді.

- орындалатын жұмыстар - 220,1 млн. теңгенің 1 конкурсы (Облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автожолындағы көпірді күрделі жөндеу) ұйымдастырылып, 11 млн. теңге үнемделген.

Басқарманың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 2017 жылы атқарылатын жұмыстар:

2017 жылы басқармамен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде жалпы сомасы 1 млрд. 274 млн. теңгені құрайтын               4 конкурс өткізу жоспарланып отыр, оның ішінде:

Тауарларды алу: - жиһаз алу - 42,2 млн. теңгенің 2 конкурсы (жоспарлы сомасы белгіленген 5 000-нан 10 000 АЕК көрсеткіш аралығындағы сома шеңберінде).

Көрсетілетін қызметтер - 22,5 млн. теңгені құрайтын 1 конкурс (инвестициялық форум).

Орындалатын жұмыстар - 1 млрд. 209 млн. теңгенің 1 конкурсы (қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік насындарының құрылысы).

Сот органдарына жүгіну бойынша:

2016 жылы басқармаға қатысты әртүрлі деңгейдегі сот органдарына 2 талап арыз берілді, оның 1-і мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты болса, 1-і еңбек заңнамасының сақталуына қатысты болып отыр.

2 талап арыз бойынша іс өндірісте қаралуда.

«Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу» электронды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар:

2016 жылы бағдарламаға басқармамен өткізілген 61 конкурстың және кураторлық шеңберінде жүргізілген 44 мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша 82 конкурстық комиссия мүшесі мен олардың 397 жақын туыстары және осы сатып алуларға қатысқан 514 әлеуетті өнім берушіге қатысты ақпарат енгізілді.

 

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша:

2016 жылы бекітілген мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 11 млрд. 650 млн. теңгені құрайтын 41 конкурс өткізіліп, нәтижесімен 1 млрд.  011 млн. теңге қаржы үнемделді, оның ішінде:

- «Нурлы Жол» бағдарламасы бойынша – жұмыстарды мемлекеттік сатып алу мақсатында 10 млрд. 502 млн. теңгенің 24 конкурсы өткізіліп, үнемделген қаржы 915,5 млн. теңгені құрады;

- «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша - 1 млрд. 147 млн. теңгенің жұмыстарды мемлекеттік сатып алу мақсатында 17 конкурсы жүргізіліп, 95,7 млн. теңге қаржы үнемделді.

Бюджеттің орындалуы:

Басқарманың қаржы жоспарына сәйкес, 2016 жылы 49,7 млн. теңге қаралған болатын, оның игерілуі бүгінгі күнге 100 % құрап отыр.

 

 

РБ көзделген трансферттер 011 есебінен

ЖБ 015 есебінен

Барлығы

2014

6,0

16 755,0

16 761,0

2015

132,0

37 721,0

37 853,0

2016

11 510,0

38 160,4

49 670,0

         

2017 жылға қаржылық жоспар 51,6 млн. теңгені құрап отыр.

Камералдық бақылау хабарламалары бойынша:

2016 жылы Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен басқармамен өткізілген 1 конкурсқа қатысты хабарлама беріліп, оған қатысты сотқа жүгіну шарасының нәтижесімен іс тоқтатылды.

Кураторлық шеңберінде жүргізілген 2 мемлекеттік сатып алуға байланысты Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің хабарламалары сот тарапынан негізсіз деп танылып, конкурстық комиссия құрамының шешімі өз күшінде қалды.

«Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар тізілімі» электрондық бағдарламасымен жұмыс барысы:

2015 жылдың шілде айынан қолданысқа енгізілген бағдарламаға бүгінгі күнге дейін облыстың бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан жол беріліп, уәкілетті органдармен анықталған 546 құқық бұзушылық фактілері енгізілген, оның ішінде 378-і – ішкі мемлекеттік аудит органдарымен,                   162-і – прокуратура органдарымен, 2-і – сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюромен, 2-і – мемлекеттік қызмет органдарымен, 1-і – тексеру комиссиясымен және 1-і – сот органдарымен анықталған.

«Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу» электронды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар:

Мұнымен бірге, бағдарламаға орын алған заң бұзушылықтарға жол беріп, жауапкершілікке тартылған 24 тұлғаға қатысты мәлімет енгізілген.

2016 жылы бағдарламаға басқармамен өткізілген 61 конкурстың және кураторлық шеңберінде жүргізілген 44 мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша 82 конкурстық комиссия мүшесі мен олардың 397 жақын туыстары және осы сатып алуларға қатысқан 514 әлеуетті өнім берушіге қатысты ақпарат енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар:

2016 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықты әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған 12 ұсыныс білдіріліп, оның 5-і заңнамаға енгізілген өзгерістер барысында қолдау тауып, нормалар шеңберіне енгізілді.

Арыз-шағымдар бойынша жұмыстар:

2016 жылы басқарма қарауына 58 өтініш келіп түсіп, оның 53-і – заңды тұлғалар тарапынан жолданса, 5-і жеке тұлғалардан берілген.

21 өтінішке басқармамен қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте жауаптар жолданса, 37 өтініш арыз иелерін хабардар ете отырып, құзыретті органдардың қарауына жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет:

2016 жыл бойына басқармамен 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (жартыжылдық қорытындылары бойынша) жүргізіліп, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жасалды.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 27 шара жүзеге асырылды, оның ішінде:

- құқықтық оқыту жұмыстары – 11;

- басқарма басшысының жұмыс отырыстары – 5;

- облыс қала, аудандарын аралау арқылы өткізілген семинарлар – 8;

- орталық атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілген оқулар – 1;

- облыс қала, аудандарының мемлекеттік сатып алуға жауапты тұлғаларының қатысуымен өткізілген семинарлар - 2

Қайырымдылық шаралары:

2016 жылы басқармамен 200,0 мың. теңгені құрайтын 3 қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды, оның ішінде:

2016 жылдың 29 тамызы күні -  «Мерей» мөлтек ауданында тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына мектеп құралдары апарып беріліп, материалдық көмек көрсетілді.

2016 жылдың 10 желтоқсаны күні:

 – соғыс ардагері В.С.Демченкоға 50.0 мың. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, 20,0 мың. теңгенің азық-түлігі жеткізіліп берілді;

Тұрғын үйінде орын алған өрттен зардап шеккен Сапаровтар отбасына 50.0 мың. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп, 20,0 мың. теңгенің азық-түлігі жеткізіліп берілді.

Бақ және инфопорталмен жұмыс:

2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру бағытында 1 материал жарық көрді. Басқарма басшысының облыстық телеарнадан негізгі қызмет, мемлекеттік сатып алу заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы сұхбаты ұйымдастырылды.

Басқарманың порталында 2016 жылы 14 ақпараттық материалы шығарылды, оның ішінде:

-негізгі қызмет бойынша – 3;

-мемлекеттік қызметті өткеру – 1;

-қайырымдылық шаралары туралы – 3;

-оқыту семинарлары туралы – 4;

-қоғамдық жұмыс бойынша – 1;

-тұрғындарды қоғамдық қабылдауға қатысты – 2 материал.

Кіріс құжаттарының есептілігі:

2016 жылы басқарма қарауына 2040 хат келіп түсіп, оның 328-нің орындалуы бақылауға қойылды. Кіріс хаттардың бақылаудағы 323 хатына және 1712 жалпы негіздегі хатына белгіленген уақытында жауап беріліп, ал жауабы жолданбаған 5 бақылаудағы және 20 жалпы хат белгіленген уақытында орындалатын болады.

Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы туралы:

2016 жылы берілген 48 хаттамалық тапсырманың 9-ы басқармаға қатысты беріліп, оның 8-і өз уақытында және толық орындалды. 1 тапсырма ішінара атқарылып, белгіленген уақыт шеңберінде толығымен орындалатын болады.


Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен

2016 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) облыс әкімдігінің 07.03.2014 жылғы № 512 қаулысы негізінде құрылды.

 

Облысымызда мемлекеттік сатып алу басқармасы құрылғалы бері өңірімізде мемлекеттік сатып алу саласында бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестік пен оларға сатып алуларға қатысуға теңдей мүмкіндіктер беру, мемлекеттік сатып алу процестерінің жариялылығы мен ашықтығы, отандық тауар өндірушілерге, мүгедектер құрған ұйымдарға қолдау көрсету бағытында көптеген жұмыстар атқарды.

Ағымдығы жылы мемлекеттік сатып алу басқармасымен атқарылғын жұмыстарға тоқталсақ. Атап айтқанда:

Бүгінгі күнге басқарманың ұйымдастыруымен жалпы құны 21 млрд. 590 млн. теңгеге (ҚҚС-сыз) 56 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

56 конкурстың 27-і бойынша жеңімпаздары анықталса, қалған 29-ы бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізуде.

Аталған мемлекеттік сатып алулар бойынша 652 млн. 509 мың теңге үнемделген.

Бұдан бөлек, басқарма қызметкерлерінің жетекшілік аясында бүгінгі күнге дейін жалпы құны  5 млрд. 121 млн. теңгеге (ҚҚС-сыз) 44 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

44 конкурс бойынша өткізілген сатып алулар бойынша толығымен жеңімпаздар анықталған.

Басқарма қызметкерлерінің жетекшілік жасау барысында өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша 225 млн. теңге үнемделген.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың бүгінгі күніне дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерлері Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» тыңдаушыларына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында дәрістер оқуда.

Басқарма басшысымен өткізілетін жиналыстарда, құқықтық сабақтарда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет екені үнемі түсіндіріледі.

Мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзгеде құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында басқармаға кездей соқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қойылып, басқарманың ішкі қауіпсіздігі күшейтілді.

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және әдеп кодексінде қамтылған мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстарды жасау мақсатында «Заң және әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі-жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес әр айдың 25-не басқарма қызметкерлері арасында құқықтық сабақ өткізіледі.

Бұдан бөлек, басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері арасында үнемі құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыру жолға қойылған.

Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары тақырыбында құқықтық оқулар өткізілді.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілер тарапынан жұмыс уақытында және одан тыс кезеңдерде қызмет этикасының сақталу жағдайына бақылау орнатылды. Бүгінгі күнге дейін басқарма қызметкерлері бойынша теріс іс әрекеттер туралы өтініш немесе сыни пікірлер айтылмады.

Мәтінінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш ағымдағы жылы болмады. Бұндай өтініштер түспеуіне байланысты өтініш берген өтініш иелерін басқарма басшысымен  жеке қабылдауы ұйымдастырылмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы атқарат Қызылорда облысы әкімдігінің ресми веб-порталындағы басқарманың сайтында үнемі орналастырылып келеді.

Бекітілген штат лимиті бойынша басқарманың білікті кадрлармен толық жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметке таңдау, орналастыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша  жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы (Д-О-4 санаты) бойынша бір мемлекеттік әкімшілік лауазым орны бос.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығына сәйкес, басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптар өзгертіліп, бекітілді.

Басқармада аталған бос мемлекеттік лауазымға жалпы нагізде конкурс беру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Басқармаға қызметке жаңадан қабылданған қызметшілерді арнайы тексеруден өткізу мақсатында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Есентаевтың, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы Ж.Нурлдаеваның және әкімшілік бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы К.Алдажарованың құжаттары  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментіне жолданды.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсаны бойынша арнайы тексеруге жолданған, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы Д.Әбілқасымовтын, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманының міндетін уақытша атқарушы А.Уриналиеваның және тауарлдарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы Н.Қуантаевтың және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ.Есентаевтың деректемелері бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары тарапынан мемлекеттік қызметке қабылдануына байланысты кедергі келтіретін мәліметтің жоқ екендігі жөнінде арнайы тексерудің оң қорытындысы алынды.

Аталған тұлғалар мемлекеттік әкімшілік қызметке тағайындалып, оларға үш ай сынақ мерзімі белгіленді.

Ж.Нурлдаева мен К.Алдажарова бойынша  тексеру қорытындысы күтілуде.

Арнайы тексерудің оң қорытындысын алып тағайындалып, сынақ мерзімі аяқталған қызметкерлердің болмауына орай, Ант қабылдау шаралары ағымдығы жылдың 3-тоқсанында ұйымдастырылмады.

Мемлекеттік сатып алу саласына жауапты мамандардың біліктіліктерін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидасына» өзгерістер енгізілуіне орай, түсіндірме беру мақсатында семинарлар ағымдығы жылдың төртінші тоқсанына ауыстырылды.

Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында (қыркүйек айының 23-не дейінгі кезең бойынша) қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарына сәйкес, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жалпы сомасы 83 млн. 661 мың теңгені құрайтын 94 мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылған.

Аталған сатып алулардың нәтижесімен, 24 млн. 772 мың теңгеге өткізілген 41 сатып алу бойынша жеңімпаздар анықталып, 58 млн. 889 мың теңгені құрайтын 53 сатып алу заңдылықта белгіленген негіздер бойынша өтпеді деп танылған.

Мұнымен бірге, бірқатар мекемелер тарапынан заңнама талаптарына сәйкес, мүгедектер қоғамдық бірлестіктері арасында жариялануы тиіс сатып алулар жалпы негізде жарияланып, жалпы сомасы 33 млн. 716 мың теңгені құрайтын 66 сатып алуды жариялау барысында заңдылық нормаларының бұзылуы орын алған.

Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу бағдарламасы шеңберіне 2015 жылы Басқармада өткізілген 64 және кураторлық жасаған 31 мемлекеттік сатып алу бойынша 106 комиссия мүшелері және олардың 605 жақын туыстары, 215 әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет енгізілген болатын.

Ал, ағымдағы жылдың 9 айының (қыркүйек айының 23-не дейінгі кезең бойынша) қорытындысы бойынша Басқармада өткізілген 54 және кураторлық жасаған 40 мемлекеттік сатып алу бойынша 72 комиссия мүшелері және олардың 354 жақын туыстары, 485 әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат бағдарламаға қосылды.

2015 жылдың қараша айынан электронды әкімдікті дамыту бөлімімен бірлесіп, жасақталған бағдарламаға қазіргі уақытта мемлекеттік органдардан түскен мәліміттердің негізінде 152 құқықбұзушылыққа қатысты ақпарат енгізілді.

Мәліметтерге сәйкес, құқық бұзушылықтардың 35-і прокуратура органдарымен, 92-і қаржылық бақылау органдарымен, 25-і бақылау комиссиясымен анықталған.

Тізілімде заң бұзушылықтарға жол берген 82 тұлға туралы мәлімет қамтылды.

Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі қаржылық бақылау инспекциясымен камералды бақылау арқылы жүргізілген тексерулері қорытындысымен кемшіліктер анықталуда.

Орын алған заң бұзушылықтардың басым бөлігі рұқсат алу, хабарлама жіберуді қажет ететін қызмет түрлерін сатып алу барысында орын алған. Яғни, Заңның жаңа нормаларын білмеу салдарынан болған. Бұл тұрғыда басқармамен күн сайын веб-порталға мониторинг жүргізу барысында байқалған кемшіліктер бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Уәкілетті органдар және тапсырыс берушілермен дербес түрде күші жойылған мемлекеттік сатып алуларға апта сайын мониторинг жасалып, ол туралы мәлімет әр аптаның сейсенбі күні облыс әкімі аппаратына жолдануда.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде («Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» және «Нұрлы жол») жүзеге асырылатын сатып алулар бойынша мониторинг жүргізіліп, оған қатысты ақпарат қажеттілігіне қарай жаңартылуда.

 


Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен

2016 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) облыс әкімдігінің 07.03.2014 жылғы № 512 қаулысы негізінде құрылды.

2016 жылы Басқармамен келесідей маңызды жұмыстар атқарылды. 

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен тапсырыс берушілердің ұсыныстары негізінде 2016 жылы жалпы құны 4 млрд. 905 млн. теңгеге 12 мемлекеттік сатып алулар өткізілді.

Атап айтқанда, жұмыстар бойынша 4 млрд. 893 млн. теңгеге 9 конкурс, көрсетілетін қызметтер бойынша 12 млн. теңгеге  3 конкурс ұйымдастырылған.

Басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген 12 мемлекеттік сатып алулар бойынша 87 млн. теңге үнемделген.

Сонымен қатар, Басқарманың бастамасымен облыс әкімі төрағалық ететін мемлекеттік сатып алулардың тізімі бекітілген «2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» облыс әкімінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 353 қаулысы қабылданып, осының негізінде мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінді басқармамен бір конкурс өткізілді.

Атап айтқанда, облыстық маңызы бар «Самара-Шымкент-Тереңөзек» автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу жұмысы бойынша  мемлекеттік сатып алу конкурсына облыс әкімі төрағалық етті.  

Одан бөлек, Басқарма қызметкерлері Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және барлық басқармаларды өткізілген 40 мемлекеттік сатып алуға жетекшілік жасалып (кураторлық қызмет) комиссия құрамына мүше болды.

Облыс көлемінде «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 14,329 млрд. теңгені құрайтын 26 жобаға қатысты мемлекеттік сатып алулар өткізу жоспарланған.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласы бойынша -  8,930 млрд. теңгеге 23 жоба, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық   басқармасы – 5,323 млрд.теңгеге 1 жоба.

Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен 3,043 млрд. теңгені құрайтын 6 сатып алу бойынша шарттар жасалып (Қызылорда қаласы бойынша -  3,043 млрд. теңгеге 6 жоба ), жұмыстар жүргізілуде.      

Ал, 7,570 млрд. теңгенің 18 нысаны бойынша (Қызылорда қаласы бойынша -  5,887 млрд. теңгеге 17 жоба, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – 1,683 млрд.теңгеге 1 жоба) шарт жасасу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен 3, 316 млрд. теңгені құрайтын 2 мемлекеттік сатып алулар жарияланған. Нақтыласақ, (тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы) Арал ауданы, Сексеуіл кентінің ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары бойынша – 1, 258 млрд. теңге, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы бойынша – 1,058 млрд. теңге 2 жоба.

         Бүгінгі таңда, аталған 2 конкурс бойынша өтінімдер қабылдап, алдын ала рұқсат беру процедуралары жүргізілуде.

         Бұдан бөлек, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы  нысандарының құрылыстарын салу шеңберінде мердігерлік келісім жасау барысында отандық тауарларды барынша пайдалануды қамтамасыз ету бойынша 2015 жылы құрылысы басталған 300 орындық 2 мектеп және 280 орындық 1 балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

         Әлеуметтік нысандардың құрылысында 70% тауар өндірушілердің  отандық өнім тауарлары қолданылуда.

         Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен (тапсырыс беруші облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы) Арал ауданының Есқұра, Ерімбетжаға, Көктем,Үкілісай, Аққұлақ, Құланды, Қазалы ауданының Лақалы, Майдакөл, Бірлік, Шәкен, Шили, Қармақшы ауданының Қуандария елді мекендерінде апаттық мектептің орнына жалпы құны 4 млрд 354 млн теңге болатын  жаңа мектептің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алулар жарияланды.

         Бүгінгі таңда, аталған конкурстар бойынша өтінімдер қабылданып, алдын ала рұқсат беру процедуралары жүргізілуде.

         2016 жылдың 1 жартыжылдығында қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарына сәйкес, тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жалпы сомасы 465 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылған.

         Аталған сатып алулардың нәтижесімен 105 млн. теңгеге өткізілген сатып алулар бойынша жеңімпаздар анықталып, 359 млн. теңгені құрайтын сатып алулар заңдылықта белгіленген негіздер бойынша өтпеді деп танылған.

         Сонымен бірге, бірқатар мекемелер тарапынан заңнама талаптарына сәйкес, мүгедектер қоғамдық бірлестіктері арасында жариялануы тиіс жалпы сомасы 136 млн. теңгені құрайтын сатып алулар жалпы негізде жарияланып, бұзушылық орын алған.

Анықтама ретінде:

- Қызылорда қаласы бойынша – 13 млн. теңге;

- Арал ауданы бойынша – 995 мың теңге;

- Қазалы ауданы бойынша – 8 млн. теңге;

- Қармақшы ауданы бойынша – 3500 теңге;

- Жалағаш ауданы бойынша – 13 млн. теңге;

- Сырдария ауданы бойынша – 3 млн. теңге;

- Шиелі ауданы бойынша – 63 млн. теңге;

- Жаңақорған ауданы бойынша – 11 млн. теңге;

- Білім басқармасы бойынша (бағынысты мекемелерін есепке алғанда) – 152 мың теңге;

- Дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша (бағынысты мекемелерін есепке алғанда) – 95  мың теңге;

 - Ішкі саясат басқармасы бойынша (бағынысты мекемелерін есепке алғанда) – 44 мың теңге;

- Денсаулық сақтау басқармасы бойынша (бағынысты мекемелерін есепке алғанда) – 15 млн. теңге;

- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша (бағынысты мекемелерін есепке алғанда) – 5 млн. теңге;

- Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша – 252 мың теңге;

- Іс басқармасы – 430 мың теңге.

Өз ретінде, орын алған заңға сәйкессіздіктерге байланысты, Басқарма тарапынан тапсырыс берушілердің назарына заңнама талаптарының сақталуы жөнінде 46 сатып алуға байланысты хаттар жолданды.

Бұған бөлек, Басқармамен 2015 жылы жасақталған «Заң бұзушылықтар тізілімінің» биылғы жылғы ақпаратпен толықтырылуы бойынша қажетті ақпарат жинақталып, облыс бойынша тапсырыс берушілердің орын алған заң бұзушылықтарды қайталанбауын алдын алу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардан түскен мәліметтердің негізінде 152 құқық бұзушылыққа қатысты ақпарат енгізілді.

Мәліметтерге сәйкес, құқық бұзушылықтардың 35-і прокуратура органдарымен, 92-і қаржылық бақылау органдарымен, 25-і бақылау комиссиясымен анықталған.

Тізілімде заң бұзушылықтарға жол берген 82 тұлға туралы мәлімет қамтылды.

Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі қаржылық бақылау инспекциясы арқылы жүргізілген тексерулері қорытындысымен анықталған.

Орын алған заңбұзушылықтардың басым бөлігі рұқсат алу, хабарлама жіберуді қажет ететін қызмет түрлерін сатып алу барысында орын алып, Заңның жаңа нормаларын білмеу салдарынан екендігін байқауға болады.

Бұл тұрғыда басқармамен күн сайын веб-порталға мониторинг жүргізу барысында байқалған кемшіліктер бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Басқарманың бастамасымен жасақталған «Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу жүйесі» бағдарламасы бойынша барлық тапсырыс берушілерге қолжетімділік (доступ) қамтамасыз етіліп, комиссиялар құрамы бойынша мәлімет толықтырылуда.

Бағдарлама шеңберіне 2015 жылы Басқармада өткізілген 64 және кураторлық жасаған 31 мемлекеттік сатып алу бойынша 106 комиссия мүшелері және олардың 605 жақын туыстары, 215 әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет енгізілген болатын.

Ал, ағымдағы жылдың І жартыжылдығы бойынша Басқармада өткізілген 12 және кураторлық жасаған 14 мемлекеттік сатып алу бойынша 26 комиссия мүшелері және олардың 175 жақын туыстары, 106 әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат бағдарламаға қосылды.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу саласына жауапты мамандардың біліктігілін арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 наурызы күні Басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу саласына жауапты 108 мамандардың қатысуымен жаңа «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы аясында оқыту семинар өткізілді.

Бұдан бөлек, ү.ж 12-13 мамыры күндері және «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидаларына түсіндірме беру мақсатында семинар өткізілді.

Семинарда  ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басшысы С.М.Ахметов пен goszakup.gov.kz порталын әзірлеуші  Р.А.Ильяова дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидасы бойынша семинарлар өткізіліп, мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында сынама тест алынды.

Сондай-ақ, Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстарының да заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып, жеке тұлғалардан 3 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 27 өтініш және иесі бүркемеленген 1 өтініш келіп түскен. Олардың 24-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 5-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген. 1 өтініш бойынша қаралу мерзімі бар. Иесі бүркемеленген өтініш бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың атына қызметтік хат жолданды. Нәтижесімен, Қ. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс отырысы ұйымдастырылып, өтініш мәселесі талқыланып, қорытындысымен өтініш бақылаудан алынды. Өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 31 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге артқан.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 5 жеке тұлғаларды қабылды. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

Басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

Жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары тақырыбында құқықтық оқулар өткізілді.

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және әдеп кодексінде қамтылған мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстарды жасау мақсатында «Заң және әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі-жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес әр айдың 25-не басқарма қызметкерлері арасында құқықтық сабақ өткізіледі.

Басқармамен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылған.

Атап айтқанда, Басқарма басшысымен өткізілетін жиналыстарда, құқықтық сабақтарда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет екені үнемі түсіндіріледі.

Сондай-ақ, оларға Республика бойынша осы сипатта орын алған заң бұзушылықтар мен қылмыстар туралы жаңалықтар таратылады және барлық кабинеттерде бөгде кісілердің рұқсатсыз кірмеуі үшін арнайы турникеттер орнатылған.

Басқарма ішінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу  мақсатында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында  ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызатын мәліметтер анықталмады.

Басқарманың ұйымдастыруымен өткізілген оқыту семинарлар, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар басқарманың ресми интернет ресурстарына орналастырылуда.


Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен

2016 жылдың екінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2016 жылдың 2-тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды. 

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында басқармаға жеке тұлғалардан 3 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 27 өтініш және иесі бүркемеленген 1 өтініш келіп түскен. Олардың 24-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 5-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген, ал қалған 1 өтініш қаралу сатысында. Иесі бүркемеленген өтініш бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Ысқақовтың атына қызметтік хат жолданды. Нәтижесімен, Қ. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық ішкі саясат басқармасының, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс отырысы ұйымдастырылып, өтініш мәселесі талқыланып, қорытындысымен өтініш бақылаудан алынды. Өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артқан.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 31 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге артқан.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 5 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

Сондай-ақ, 2016 жылдың мемлекеттік сатып алу саласына жауапты мамандардың біліктігілін арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Бұдан бөлек, ү.ж 12-13 мамыры күндері және «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңына, Мемлекеттік сатып алуды жүргізу Қағидаларына түсіндірме беру мақсатында семинар өткізілді.

Семинарда  ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басшысы С.М.Ахметов пен goszakup.gov.kz порталын әзірлеуші  Р.А.Ильяова дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басқарма қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңы, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидасы бойынша семинарлар өткізіліп, мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында сынама тест алынды.

Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, тәртіп бұзушылыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары тақырыбында құқықтық оқулар өткізілді.

Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және әдеп кодексінде қамтылған мәселелер зерделеніп, тиісті жұмыстарды жасау мақсатында «Заң және әдеп кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі-жоспар) бекітілді. Жоспарға сәйкес әр айдың 25-не басқарма қызметкерлері арасында құқықтық сабақ өткізіледі.

Басқармамен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылған.

Атап айтқанда, Басқарма басшысымен өткізілетін жиналыстарда, құқықтық сабақтарда қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажет екені үнемі түсіндіріледі.

Сондай-ақ, оларға Республика бойынша осы сипатта орын алған заң бұзушылықтар мен қылмыстар туралы жаңалықтар таратылады және барлық кабинеттерде бөгде кісілердің рұқсатсыз кірмеуі үшін арнайы турникеттер орнатылған.

Басқарма ішінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында  ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қауіпін туғызатын мәліметтер анықталмады.

 

2016 жылдың 1 шілде бойынша өткізілген мемлекеттік

сатып алу конкурстары туралы

2015 жылдың 1 шілдеге дейін басқармамен жалпы құны 4 млрд. 905 млн. 249 мың 060 теңгеге (ҚҚС-сыз) 12 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Оның ішінде:

- жаңа құрылыстар салу, нысанды күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша - 9 конкурстар;

-  көрсетілетін қызметтер бойынша - 3 конкурстар.

Қазіргі таңда 3 мемлекеттік сатып алулар бойынша жеңімпаздары анықталса, ал 9 жарияланған мемлекеттік сатып алулар бойынша өтінімдер қабылдануда.

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы бойынша 2016 жылдың

II тоқсанға бюджет қаражатын игеру туралы мәлімет

2016 жылға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жылдық қаржыландыру жоспары 51 650,0 мың теңге көлемінде бекітілген. Оның ішінде II тоқсанға 4 023,0  мың теңге жоспарға сәйкес бекітіліп, нақты игерілгені 3 994,0 мың теңге теңгеге игерілді немесе 100 пайызға орындалды.


Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен

2016 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2016 жылдың I-тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды. 

1. Басқарма жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін (ҚР «Мемлекет қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына және Әдеп кодексіне қатысты жол берілген заң бұзушылықтар туралы хабарлау) басқарманың 60-54-18 сенім телефонымен қоса облыс аумағына таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы сандарына жарияланып, облыс әкімінің ресми интернет – ресурсындағы басқарманың сайтына орналастырылды.

Бұған қоса, басқарманың кіре берісіне орнатылған азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігіне түсетін өтініштердің уақытылы кіріске алынуына тұрақты бақылау орнатылды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда аса ұқыптылық таныту және олармен жұмыс жасауда заңнама нормаларын қатаң сақтау  барлық қызметкерлерден талап етіліп, ескертілді.

Сонымен бірге, арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында басқарма бойынша қызметкерлердің жеке қабылдауын міндетті түрде  басқарма басшысының орынбасарлары немесе бөлім басшыларының қатысуымен және есепке алу карточкасын толтыру арқылы жүргізу (күзет пункітінен кіруге рұқсат құжаты негізінде) тапсырылды.

Басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларына  бұл бағыттағы қызметтің заңдылығына ведомстволық бақылауды күшейтіп, өтініштердің жан-жақты және объективті түрде қаралуына, өтініш иелеріне белгіленген мерзімде түпкілікті әрі нақты жауап берілуіне дербес жауапкершілікте болатыны ескертілді.

Ағымдағы жылдың І-тоқсанында басқармаға жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 6 өтініш келіп түскен. Олардың 5-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, 2-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген, ал қалған 1 өтініш қаралу сатысында.

Бұған қоса, басқарма басшылығымен 20 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 3 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме жұмыстары берілді.

Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

Ағымдағы жылдың I тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

2. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (04.12.2015 жылғы №434-V) 8-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында облыс әкімдігі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындайды және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, конкурстық (аукциондық) комиссияның төрағасы болып облыс әкімі айқындалуы тиіс.

Басқармамен әзірленген облыс әкімінің «2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы №353 қаулысы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 14 наурыздағы №5400 болып тіркелген.

Осыған байланысты, мемлекеттік сатып алулар енді ұйымдастырылуда. 

3. Облыс әкімінің төрағалығымен 2015 жылы 12 қаңтарда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясы хаттамасының 5.1-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында туыстықты анықтау және өткен конкурстар бойынша бақылау орнату, ашықтықты қамтамасыз ету үшін басқарма облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен (бұдан әрі-Электронды әкімдікті дамыту бөлімі) бірлесіп әзірленген «Мемлекеттік сатып алу мониторингі», «Заңдылықты бұзушылықтар тізілімі» электронды бағдарламаларының жұмысы жетілдірілуде.

4. Басқармамен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алулар бойынша тапсырыс берушілерге конкурс жариялауға қажетті құжаттардың тізімі және олардың үлгілері әзірленді.

5. Жаңа ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы мен «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды оңтайландыру мақсатында методикалық нұсқама әзірленуде.

6. Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен 2015 жылы 22 желтоқсанда өткен «Дағдарысқа қарсы штаб отырысы» хаттамасының 2-тармағына сәйкес, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері мамандарының қатысуымен кеңейтілген семинар кеңес 2016 жылы 11 наурызда өткізіліп, оларға заң нормаларының талабы түсіндірілді.

7. Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында  басқарма ішінде мемлекеттік сатып алулар бойынша ай сайын семинар-сабақтар ұйымдастыруда.

8. Облыс әкімінің 2014 жылғы 14 шілдедегі №464-ө өкімімен жүктелген тапсырмаға сәйкес, облыс көлемінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алулардың заңдылықпен белгіленген тәртіпте отандық тауар өндірушілерден алынуы бақылауға алынып, тиісті талдаулар жасалуда.

9. Облыс әкімі, облыс прокуроры және ҚР МҚТСЖІҚА облыс бойынша департаменті басшысы бекіткен «Мемлекеттік сатып алу аясында заңсыздықтарды болдырмау және оның алдын алуға бақытталған өңірлік бірлескен іс-шаралар жоспарының» 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алуларды жариялау және ұйымдастыру барысында мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің құқықтарын қорғау мақсатында олардың қатысуы көзделген арнайы ережелер талаптарының орындалуына үнемі бақылау жасалынуда.

10. Басқармамен тауарларды мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастыру үшін техникалық ерекшеліктердің жобасын әзірленді.

11. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарына бақылау жасалуда.

12. Облыс әкімінің төрағалығымен 2016 жылы 20 қаңтарда өткен салық салу базасын кеңейту жөніндегі мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі мен облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) арасында екіжақты мемлекеттік сатып алу аясында салық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын жұмыстар бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасы басқармамен әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

13. Облыс әкімінің төрағалығымен 2016 жылы 14 наурызда өткен мәжіліс хаттамасының 3.2-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысатын мамандардың жауапкершілігін арттырып, біліктілігін арттыру тапсырылған.

Жоғарыдағыға байланысты, Басқарманың білікті басшыларының қатысуымен 2016 жылдың 28 наурызы-4 сәуірі аралығында Қызылорда қаласы және барлық аудандарда семинарлар өткізілуде.


Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының

2015 жылы атқарылған жұмыстардың есебі

    Мемлекеттік сатып алу сала бойынша заң бұзушылықты алдын алу мақсатында 2015 жылы жалпы басқарманың ұйымдастыруымен 21 семинарлар мен кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді, оның ішінде 9-ы аудандарға іссапарға шығып ұйымдастырылды. Бұл семинарларға облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлерімен қатар, «Нұр-Отан» партиясының, кәсіпкерлік палатасы, құрылысшылар ассоцияциасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпкерлердің, тауар өндірушілердің өкілдері, де қатысып өз ұсыныстарын білдірген.   

    Бұдан басқа мемлекеттік қызметшілер және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру өңірлік орталығында Астана, Алматы қалаларынан бұрынғы қаржы министрлігінде қызмет жасаған лекторлар шақыртыла отырылып, басқарма қызметкерлері де мемлекеттік сатып алу саласындағы аудан, қала әкімдіктеріне қарасты бөлімдердің, облыстық басқармалардың қызметкерлеріне 84 оқу сағатын құрайтын 30 лекция оқыды.   

    2016 жылы жаңа Заң мен Қағида күшіне енетіндіктен облыс бойынша мемлекеттік сатып алу саласы мамандарының бір тобын қалыптастыру үшін сарапталған 62 қызметкерді оқытуды одан әрі жалғастыру жайлы ұсынысты облыс әкімі қолдап, басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдеріне алдағы уақытта осы қызметкерлерді семинарларға жіберу үшін іссапарларына қаржы бөлуді тапсырды.

 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілуіне қатысты

    2014 жылдың қыркүйек айында тапсырыс берушілер мен тек қана мүгедектердің құрған қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оларға заң аясындағы құқықтары түсіндірілді.

    Бұл тапсырыс берушілерге қоғамдық бірлестіктер үшін өткізілетін конкурстарды заң аясында өткізу тапсырылды.

    Осындай түсіндірме жұмыстары 2015 жылы да  жалғастырылды.

    Нәтижесінде 2015 жылы мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында  378 млн 738 мың теңгеге 384 мемлекеттік сатып алу өткізіліп, өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 41,6 пайызға артқан. (2014 ж. – 271 млн. 206 мың теңгеге 160 мем.  сатып алу).

    Оның ішінде 289 млн. 967 мың теңгеге  312 мемлекеттік сатып алу бойынша қоғамдық бірлестіктер жеңімпаз болса, оның 128 млн. 550 мың теңгеге  яғни, 186 мемлекеттік сатып алу бойынша облыста тіркелген қоғамдық бірлестіктер жеңімпаз болды.  

    Сонымен бірге, басқарма бірыңғай ұйымдастырушы болып мүмкіндігі шектеулі жандарға емделу үшін санаторлық жолдама беру қызметіне конкурс өткізіп, комиссия мүшелігіне  облыс әкімі төрағалық етті. Әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесімен 12,8 млн. қаржы үнемделді. 

 

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы көмегімен тауарлар мен қызмет көрсетулер

бағасына талдау жасау бойынша

Облыс әкімінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №563-ө өкіміне сәйкес Басқарма тарапынан жүйелі түрде тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағадан жоғары сомаға алынбауы және тиімді жұмсалу жағдайына талдау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік сатып алу  веб-портал жүйесі арқылы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төменгі, орташа және  жоғарғы бағалары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараты арқылы зерделеніп, облыс көлеміндегі 610 мемлекеттік мекемелерден 415 млн. 304 мың теңгені құрайтын 576 мемлекеттік сатып алулар сұратылған мәліметтер арқылы   сарапталды.

Алайда, іс жүзінде кейбір мемлекеттік мекемелерде жоспарлау барысында нарықтық бағадан жоғары баға қою жағдайлары орын алды.

Бұл ретте, басқарманың талабымен барлық аудан, қала әкімдіктерінде қаржы бөлімдері, ал басқармаларда есеп бөлімдерінің қызметкерлері жауапты болып, нәтижесімен мемлекеттік мекемелер веб-портал арқылы нарықтық бағадан жоғары бағаға алынбауы үшін бір жүйе қалыптасты.

 

Басқармамен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулар

    Облыс әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы шешіміне сәйкес облыстық бағдарлама әкімшілері үшін, басқарма бірыңғай ұйымдастырушы болып мүмкіндігі шектеулі жандарға емделу үшін санаторлық жолдама беру қызметіне және  Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысының конкурстары ұйымдастырылды, комиссия жұмысына облыс әкімі  төрағалық етті. Әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестіктің нәтижесімен 17 млн. теңге қаржы үнемделді.

    Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдіктеріне қарасты тапсырыс берушілер  тарапынан 21 млрд. 041 млн. теңгеге 1275 мемлекеттік сатып алу жүргізілген. Жалпы 438 млн. теңге қаржы үнемделген.

    Ал, тапсырыс берушілер бізді ұйымдастырушы ретінде айқындап,  12 млрд. 387 млн. теңгеге 61 мемлекеттік сатып алуды өткіздік, оның ішінде 52-сі конкурс (11 млрд. 751 млн. теңге) және 9-ы аукцион (635 млн. 40 мың теңге), нәтижесімен 118 млн. теңге үнемделді.

    Жалпы үнемделген 556 млн. теңге қаржының 438 млн. немесе 78,2 пайызы облыстағы барлық тапсырыс берушілердің тиесілі  болса, 118 млн. теңге қаржысы немесе 21,8 пайызы басқарманың үлесі.

 

Облыстағы ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алулар барысында

орын алған заңбұзушылықтар

    Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында өңіріміздің жекелеген тапсырыс берушілері тарапынан кемшіліктерге жол беру жағдайлары белгілі болды.

    Яғни, техникалық ерекшелікті дайындау барысында кемшіліктер орын алып, кейбірі аталған құжатта қажетті сипаттамаларды көрсетпесе, бірқатары заңнамамен айқындалған талаптардан тыс шарттарды талап еткен.

    2015 жылдың 19 қаңтарында Басқарманың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алу саласы» бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиналыста  бюджеттен бөлінген қаржылардың тиімді және заңға сәйкес жұмсалу үшін, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктеріне қарасты бөлімдердің және облыстық басқармалардың бірінші басшыларының жауапкершілігін күшейту мақсатында техникалық ерекшелікті жасақтаған қызметкердің, бюджеттік өтінімді дайындаған тұлғаның және осылар бойынша бірінші басшысының бекіту талабы қойылды.  

    Басқармамен бірлесіп өткізілген конкурстар және аукциондар бойынша бірқатар мемлекеттік мекемелер әлеуетті өнім берушілер тарапынан енгізілген банкілік өтінімді қамтамасыз етуді уақытылы қайтармай, басқарманың ескертулердің нәтижесімен  әлеуетті өнім берушілердің құқығы қорғалды.    

    Сонымен қатар, тапсырыс беруші жақтын комиссия мүшелері басым дауыспен, қарсы дауыс берген басқарманың қызметкерлері комиссия мүшесі ретінде дауыстың аздығына байланысты жазбаша хабарланса да, әлеуетті өнім берушінің құжаттары талапқа сай келмесе де  заңсыз жеңімпаз болды. Алайда екінші әлеуетті өнім берушінің шағымына сай облыстық қаржылық бақылау инспекциясының тексеруімен  кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған.

    2015 жылдың шілде айынан бастап қала, аудан әкімдіктеріне қарасты тапсырыс берушілерге кураторлық қызмет жүзеге асырылуда.

    Бұл ретте, жетекшілік жасау аясында Басқарма тарапынан бүгінгі күнге дейін 982 млн. 777 мың теңгеге 31 мемлекеттік сатып алуға кураторлық жасалды, оның 29-ы конкурс (820 млн. 327 мың теңге)  және 2-уі аукцион (162 млн. 451 мың теңге). Нәтижесінде 50 млн. 292 мың теңге үнемделді.

    Жүзеге асырылған жетекшілік нәтижесімен, тапсырыс берушілер тарапынан конкурстарға хабарландыру беруде лоттарға бөлмеу, құжаттарды толық жарияламау, критерийлер бойынша негізсіз  жеңілдіктер беру, жобалық-сметалық құжаттамадағы керекті техникалар бойынша ресурстық сметасын жарияламау және заңнамаға негізделмеген шешімдер қабылдау түріндегі заң бұзушылықтар анықталды.

    Басқарма тарыпынан «ерекше пікірлер»  келтіріліп, соңынан заңға сәйкестендірілді.

    Нәтижесі бойынша облыс әкіміне «Дағдарысқа қарсы» штаб отырысында хабарланып, аймақ басшысының аранайы тапсырмасына сәйкес 2016 жылдан бастап облыстық басқармаларға да кураторлық жүзеге асырылатын болады.

   

Басқарманың мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету мақсатында

атқарған бірқатар кешенді шаралары

    2015 жылдың 12 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның және облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысында басқарманың ұсынысымен конкурстық комиссия мүшелерімен әлеуетті өнім берушінің арасындағы жақын туыстық, жұбайы және зайыбы немесе жекжаттық жақтан туыстық қатынасты анықтайтын  бағдарлама жасау ұсынысы қолдау тапты.

    Осыған сәйкес электрондық әкімдікпен бірігіп «Мемлекеттік сатып алу мониторингі» электронды бағдарламасы әзірленіп, қазіргі уақытта, басқармада өткізілген 61 және кураторлық жасаған 31 мемлекеттік сатып алулар бойынша 106 комиссия мүшелері және олардың 605 жақын туыстары, конкурстарға (аукциондарға) қатысушы 215 әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтері жинақталды.

    Бағдарламаның мақсаты, тапсырыс берушілерімен мердігер мекемелерге төленген қаржы туралы ақпаратты басқарма мен облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолдап, салықтың уақытылы төленуіне және мердігер мекемелердің жалған кәсіпкерлермен жұмыс жасайтын мекемелерге  қаржының аударылуына тосқауыл болуына септігін тигізді.

    Сонымен қатар, жиі қайталанатын заң бұзушылықтардың алдын алу үшін, бір мекемеге қатысты ақпаратты алуға, санаттарына қарай бөлуге, қайталану себептерін зерттеуге, кему немесе өсу көрсеткіштерін анықтауға күнделікті қызмет барысында пайдалану үшін, облыс прокурорының ұсынысы негізінде, басқарма облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімімен бірлесіп, облыс әкімдігіне қарасты 23 басқарманы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты 15 бөлімді, 7 аудан әкімдігі мен оларға қарасты 105 бөлімді және 147 кент, ауылдық округ әкімдіктерінің аппараттарын (жалпы - 297) қамтитын «Заңдылықты бұзушылықтар тізілімі» электронды бағдарламасын жасақтады.

    Жасақталған тізілім келесі ақпаратты алуға мүмкіндік береді:

 - заңдылықты бұзушылыққа жол берген мекеме және оны анықтаған  құзыретті органның лауазымды тұлғасымен толтырылған  ұсыныс, ұйғарым, наразылық;

 - орын алған бұзушылық бойынша мәлімет;

 - заңбұзушылыққа жол бергені үшін жауаптылыққа тартылған маманның аты-жөні;

 - заңбұзушылық бойынша келтірілген ықпал ету актілеріне байланысты сот органдарына шағымдануы туралы мәлімет.

    Қазіргі уақытта тізілімде облыстағы бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қатар, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының, облыстық тексеру комиссиясының және облыстық прокуратураның  ақпараттары негізінде 68 қызметкерге қатысты келтірілген 110 ықпал ету актісі бойынша мәліметтер енгізілді.

    Сонымен қатар, Тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу саласындағы жауаптылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік сатып алу аясында заңсыздықтарды болдырмау және оның алдын алуға бағытталған өңірлік бірлескен үш жақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, жоспарды қараша айында облыс әкімі, облыс прокуроры, облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы бекітті.

    Бұл жоспарда бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне мемлекеттік сатып алу аясында ашықтықты қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау бағытында атқарылатын жұмыстар міндеттелді.

    Бұдан басқа, Заңбұзушылықтармен қоғам болып күресу үшін, басқарма бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 24.11.2015 жылы «Сатып алуға хабарла!!!», «Сообщай госзакупке!!!» атты акциялар өткізілді. Бұндай акциялар алдағы уақытта да өткізіліп тұратын болады.

 

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заңның қабылданғаны туралы

    2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Заң күшіне енді. Ол бойынша Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесінің жобасын әзірлеген болатын, басқармамен ереже жобасы зерттеліп 29 тармақтан тұратын ұсыныс келтірілді, оның 7-уі толық және 5-уі ішінара енгізілді.

    Бұдан бөлек, іссапармен Қаржы министрлігіне барып, мемлекеттік сатып алу заңдылығы департаментінде ережені талқылау нәтижесінде қосымша 6 ұсыныс қолдау тапты.

    Осыған дейін мердігер мекемелердің арасында үнемі дау туғызатын, конкурстық комиссиямен шешім қабылдауда әртүрлі пікірлер туындайтын бірнеше мәселені көтерілді.

    Яғни, 2 қабатты мектеп салған мекеменің жұмыс тәжірибесі 1 қабатты амбулатория құрылысын салуда есепке алынбайтын болса, жаңа Ережеге сәйкес комиссия ұқсас және сол тәріздес нысандарды есепке алуға құқылы.

    Сонымен қатар, әлеуетті өнім берушілердің пайдалануға берген актілерінің көшірмелері бойынша ғана, ал тауарлар мен қызметтер бойынша алыс-беріс актісі мен шот-фактураларының көшірмелерін қоса берген жағдайда ғана жұмыс тәжірибесі есепке алынатын болады, бұл да жаңа Ережеге енгізілді.

    Бұдан бөлек, бұрын конкурсқа қатысуда әлеуетті өнім берушілер өзінде жұмыс атқаратын мамандарын көрсетпейтін, ал жаңа Ереже бойынша мекеме өзінде қызмет атқаратын мамандардың, жүргізушілер мен жұмысшылардың аты-жөнін, қызметі мен  мамандығын, жеке куәлік пен дипломдардың көшірмелерін ұсына отырып дәлелдеуі тиіс.

    Бұл конкурсқа қатысушы мекеменің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қарамағындағылардың, оның ішінде шетелден тартқан жұмысшылардың еңбек құқықтары, сол сияқты зейнетақы саласындағы қаржылық құқықтары сақталуына үлкен әсерін тигізеді.


2015 жылдың 3 тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

    Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2015 жылдың 3-тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды. 

    Ағымдағы жылдың 9 айында басқармаға жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлға өкілдерінен  барлығы 15 өтініш келіп түскен. Олардың 4-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 14-і қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 5,7 есеге көбейген. (2014 жылдың 9  айында 3 өтініш).

    Бұған қоса, басқарма басшылығымен 10 жеке және заңды тұлғаның өкілін жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда 2 есеге көбейген. (2014 жылдың 9 - айында 5 жеке қабылдау жүргізілген).

    Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында басқарма басшылары қоғамдық қабылдау жүргізіп, онда 6 жеке тұлғаларды қабылдады. Қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірме берілді.

    Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

    Жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

    Басқарма қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір қызметшіге мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап құқықтары мен негізгі міндеттері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің талаптары түсіндірілді.

    Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің және оған қасақана арандатушылық әрекеттердің алдын алу мақсатында қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мүдделі тұлғалар тарапынан мемлекеттік сатып алу процестерінің ағымына қатысты конкурстық комиссия мүшелеріне ықпал жасау және қызметкерлерді өзгеде құқық бұзушылықтарға арандатушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында басқармаға кездей соқ адамдардың ретсіз кіруіне тосқауыл қойылып, басқарманың ішкі қауіпсіздігі күшейтілді.

    Бұған қоса, қызметшілердің кәсіби біліктілігін, құқықтық деңгейін арттыру бағытында құқықтық сабақтар өткізілді және 3 қызметкер өңірлік оқыту орталығында қайта даярлау курстарынан өткізілді.

    Сондай-ақ, басқармаға түсіндірме алу мақсатында келетін адамдарға күзет пунткінен міндетті түрде тіркеу карточкасын алу қатаң бақылауға алынды.

    Басқарманың мемлекеттік қызметшілер тарапынан жұмыс уақытында қызмет этикасының сақталу жағдайына бақылау орнатылды. Бүгінгі күнге дейін басқарма қызметкерлері бойынша теріс іс әрекеттер туралы өтініш немесе сыни пікірлер айтылмады.

    Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алу мүмкіндігі туралы мәліметтер баяндалған өтініш ағымдағы жылы болмады. Бұндай өтініштер түспеуіне байланысты өтініш берген өтініш иелерін басқарма басшысымен  жеке қабылдауы ұйымдастырылмады.

   Облыс әкімінің төрағалығымен өткен қаржылық бақылау органдары жүргізген тексерулердің қорытындылары туралы 03.06.2015 жылғы мәжіліс отырысы хаттамасының 6.4-тармағындағы тапсырмасына сәйкес, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың тамыз айының 24 күні облыстық басқармалардың және қала, аудан әкімдіктеріне қарасты бөлімдердің мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүктелген 207 маманның қатысуымен «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді

    Семинар-кеңеске облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы Алпысбаев Ғазымбек Алпысбайұлы төрғалық етіп, Облыстық прокуратура басқарма бастығының орынбасары Н.Дүйсенбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы А.Әбдіхалықов және ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бөлім басшысы М.Өмірбаева баяндама жасады. Жиын барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар үшін белгіленетін жауапкершілік түрлері, жиі кездесетін мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

   Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде облыс әкімінің төрағалығымен мемлекеттік сатып алуды өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның және облыстық прокуратура алқасының бірлескен отырысында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу қызметі жүктелген қызметкерлерін құқықтық оқытуды жалғастыру тапсырылған болатын.

    Осы тапсырманы орындау үшін үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 14-17 және 25-26 күндері аралығында мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы базасында облыстық басқармалардың, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне қарасты бөлімдердің ұсынған мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүктелген мамандарын оқыту ұйымдастырылды.

    Оқу курсына қатысушылар үш топқа бөлініп, 1-2 топтарға Алматы қаласындағы «Бухгалтерлер мен аудиторлар ассоцияциясы» ЖШС заң департаментінің директоры, Ольховая С.В. дәріс оқыды. Курс соңында тыңдаушылардан алған білімін тексеру мақсатында сынақ алынды.

    Оқу курсының 3-ші тобына қала және аудандық құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары, сонымен қатар жұмыстарды сатып алумен айналысатын басқармалардың бөлім басшылары қатыстырылды. Бұл топқа ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын әзірлеуші Амрина Г.А. екі күндік дәріс оқып, соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша бюджеттік қаржылардың негізді бөлінуіне, тиімді жұмсалуына және қызметтердің нарықтық бағадан жоғары сомаға алынбауына бақылау орнату мақсатында жарты жыл сайын талдау жасалып мәліметтерді жинақтап, мониторинг жүргізілуде.

 

2015 жылдың 3 тоқсан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу

конкурстары туралы ақпарат

    2015 жылдың 3 тоқсанға дейін  басқармамен жалпы құны 11 млрд. 060 млн. 552 мың 674 теңгеге (ҚҚС-сыз) 63 электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланды. Оның ішінде:

    - жаңа құрылыстар салу, нысанды күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша – 26 конкурстар мен 1 аукцион;

    -  көрсетілетін қызметтер бойынша - 7 конкурстар;

    - тауарларды сатып алу бойынша – 2 конкурс пен 7 аукциондар.

    Қазіргі таңда 55 мемлекеттік сатып алулар бойынша жеңімпаздары анықталса, ал 8 жарияланған мемлекеттік сатып алулар бойынша өтінімдер қабылдануда.

 

Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы бойынша 2015 жылдың 3 тоқсанға

бюджет қаражатын игеру туралы мәлімет

    2015 жылға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жылдық қаржыландыру жоспары 37 859,0 мың теңге көлемінде бекітілген. Оның ішінде 3 тоқсанға 24 654,0 мың теңге жоспарға сәйкес бекітіліп, жоспар бойынша 24 557,1 мың теңгеге игерілді немесе 99,6 пайызға орындалды.


2015 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

    Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2015 жылдың 2-тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес, төмендегі жұмыстар атқарылды. 

    Басқарманың әкімшілік бөлімі бойынша қызметкерлердің жеке істері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің әдістемелік кеңесінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы №1 хаттамасымен ұсынылған мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін рәсімдеу, сақтау және есепке алу жөніндегі әдістемелік ұсыным талаптарына сәйкес, рәсімделуде, есепті мерзім ішінде заң бұзушылықтар орын алған жоқ. 

    Есепті мерзімде Басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

    Атап айтқанда, барлық қызметкерлерден жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда аса ұқыптылық таныту және олармен жұмыс жасауда заңнама нормаларын қатаң сақтау талап етіліп, өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін бұзу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабының 2-тармағында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтыратыны, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелеріне қатаң жаза қолданылатыны  ескертілді.

    Басқарма басшысының орынбасарлары мен бөлім басшыларына бұл бағыттағы қызметтің заңдылығына ведомстволық бақылауды күшейтіп, өтініштердің жан-жақты және объективті түрде қаралуына, өтініш иелеріне белгіленген мерзімде түпкілікті әрі нақты жауап берілуіне дербес жауапкершілікте болатыны ескертілді.

    Есепті мерзімде басқармаға 3 өтініш келіп түсіп, олардың 2-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 1-і негізінен қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген.

    Сондай-ақ, басқарма басшылығымен 5 жеке және заңды тұлғаның өкілі жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес түсіндірмелер берілді.

    Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан басқарманың қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да құқық бұзушылық әрекеттері туралы өтініштер түспеген және бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар жарияланбаған.

    Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруда қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде банк арқылы ұсынылған өтінімді қамтамасыз етулердің негізділігі мен заңдылығын сұрау арқылы зерттеу салу арқылы жүргізу өз деңгейінде жасалуда.

    «Электронды мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы» ереженің 1-бөлімінің 6)-тармақшасына сәйкес, соттарда басқарманың мүддесін қорғау мақсатында бөліммен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Яғни, бүгінгі күнге дейін Қызылорда мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына әлеуетті өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы 3 талап арыз беріліп, оның 1-уі қанағаттандырылса, 2 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

    Алайда, бұл бойынша тиісті шешімдер алынғаннан кейін олардың заңдылығы зерделеніп, олардың негізсіздігі анықталған жағдайда жоғары тұрған инстанциядағы соттарға шағымдану жоспарлануда.

    Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген өзгерістер» және «Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың электронды веб-порталы арқылы жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабақтар өткізілді.

    Атап өтер болсақ, Басқарма басшысының орынбасары Т.Исмағұлов Қазалы аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 10 сәуірінде «Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында өткізілген семинар –кеңес жұмысына қатысты.

    Жалағаш аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысының қатысуымен 2015 жылдың 30 сәуірінде аудандық бөлімдердің мемлекеттік сатып алу саласына жауапты қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің және қоғамдық бірлестіктерінің құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алудың өткізілу талаптары мен отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

    Мұнымен бірге, Басқарма басшысының орынбасары Ж. Ерсейітовамен ағымдағы жылдың 5 мамырында Сырдария ауданының қызметкерлері арасында Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының бастамасымен өткізілген семинар барысында «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару тәсілдері» тақырыбында баяндама жасалды.

    Өз ретінде, Басқарманың көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас мамандары 2015 жылдың 20 мамырында Шиелі және Жаңақорған ауданының қызметкерлері үшін өткізілген семинар барысында мемлекеттік сатып алу заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, Басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы 2015 жылдың 22-29 мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Е-қызмет» жүйесі бойынша оқуға қатысты.

    2015 жылдың 29 мамырында облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Н.Н. Годунованың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы М.С. Қарымсақовтың төрағалықтарымен «Бюджетті бекіту және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бюджеттік қаржылардың негізді бөлінуі, тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағадан жоғары сомаға алынбау, тиімді жұмсалуы жағдайы және мемлекеттік сатып алу саласы» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

    Семинар-кеңеске қала, аудан әкімдері мен жергілікті бюджеттік басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары, мемлекеттік сатып алу саласына жауапты бөлім басшылары және аумақтық департамент басшылары, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер Палатасының, құрылысшылар Ассоциациясының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. 

    Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы М.С. Қарымсақовтың жұмыстар, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағадан жоғары сомаға сатып алынбауына ерекше бақылау орнату жөнінде баяндамасы тыңдалды.

    Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен бірлесе мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша түсіндірме беру мақсатында ағымдағы жылдың 11-12 маусым күндері Арал, Қазалы аудандарында өткізілген семинар жұмысы барысында Басқарма басшысының орынбасары Ж. Ерсейітова «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты бес институтционалдық реформасын жалпы халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Басқарма басшысының орынбасары Ж. Ерсейітова 2015 жылдың 22-23 маусым күндері Қармақшы ауданының Алдашбай ахун, Дауылкөл және Ақжар ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.


Жұмыс есебі

         «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс әкімдігінің 07.03.2014 жылғы № 515 қаулысы негізінде құрылып, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің штаттық саны 15 адам болып бекітілді. 

         Басқармамен негізгі қызметін жүзеге асыру барысында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды:

        

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қатысты

         Басқарма жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бағытындағы қызметін «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөліп, басқармаға келіп түскен өтініштердің сапалы әрі уақытылы қаралуын қамтамасыз етті.

         Басқарма құрылғаннан кейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу қызметін заңнама талаптарына сәйкес жолға қою мақсатында қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырды.

         Бірінші кезекте, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналдары мен жеке қабылдау карточкалары әзірленді.   

         Бұған қоса, жеке мен заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігі жасалып, ол басқарманың кіре берісіне, жұртшылыққа қол жетімді жерге орналастырылды.

         2015 жылдың I тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу және қарау сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарды.

         Атап айтқанда, басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесі бекітіліп, тұрғындардың назарына жеткізу үшін басқарманың 60-54-18 сенім телефонымен қоса облыс аумағына таралатын «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінің 05.02.2015 жылғы сандарына жарияланып, облыс әкімінің ресми интернет – ресурсындағы басқарманың сайтына орналастырылды.

         Бұған қоса, басқарманың кіре берісіне орнатылған азаматтар мен заңды тұлға өкілдерінің өтініштеріне арналған «Арыз-шағым» жәшігіне түсетін өтініштердің уақытылы кіріске алынуына тұрақты бақылау орнатылды.

         Бұған қоса, осы бағыттағы қызметтің сапасын одан әрі арттыру және бақылауды күшейту мақсатында басқарма басшысының 12.03.2015 жылғы  №12-НҚ бұйрығымен өтініштерді қабылдау, талон тапсыру, тіркеу, орындаушыға жеткізу жауапкершілігі статикашысына, өтініштердің орындалу мерзімін бақылау, басшылықтың жеке қабылдауын ұйымдастыру, өтініштермен жұмыс жасаудың жай-күйіне тоқсан сайын талдау жасап, облыс әкімінің аппаратына ақпарат жолдау, № 1-ТӨ нысанды статистикалық есептің сапалы, уақытылы құзырлы органға тапсырылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі әкімшілік бөлімінің бас маманына жүктелді.

         2015 жылдың I тоқсанына басқармаға заңды тұлға өкілдерінен 7 өтініш келіп түскен. Олардың 2-і қарау реттілігіне сәйкес тиісті құзырлы органдарға жолданса, қалған 5-і негізінен қаралып, заңда белгіленген мерзімдер ішінде өтініш иелеріне заң талаптары түсіндіріліп жазбаша жауаптар берілген.

         Бұған қоса, ағымдағы жылдың I тоқсанында басқарма басшылығымен 2-і заңды тұлғаның өкілі жеке қабылданып, қабылдау барысында оларға заңнамаларға сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген.

         Есепті мерзімде басқармамен қаралған өтініштерге заңда белгіленген мерзімдер ішінде жауаптар берілген, қарау құзырына жатпайтын өтініштер уақытылы тиісті органдарға жолданып, өтініш иелері жазбаша хабарланған.

         Жеке және заңды тұлғалардан бір мәселе бойынша қайталап түскен өтініштер болмаған.

 

2. Соттарда Басқарманың мүддесін қорғау мақсатында жүргізілген жұмыстарға қатысты

          «Электронды мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы» ереженің 1-бөлімінің 6)-тармақшасына сәйкес, соттарда басқарманың мүддесін қорғау мақсатында Басқармамен тиісті жұмыстар жүргізілді.

         Яғни, бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотына әлеуетті өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы 3 талап арыз беріліп, оның 1-уі қанағаттандырылса, 2 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

         Сондықтан, осы шешім бойынша Басқармамен жоғары тұрған инстанциядағы соттарға шағым берілетін болады.

         Мысалы, «Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі» ММ-нің 19.08.2014 жылғы №02-4/207 бұйрығымен «Қазалы ауданы, Бозкөл-Тасарық автомобиль жолын қайта жаңғырту, 0-22 шақырым» объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурстық құжаттаманың электрондық нысаны бекітіліп, Басқарманың ұйымдастыруымен 21.08.2014 жылы электрондық конкурс жарияланған.

         «Қазалы Тұлпары» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.05.2012 жылғы №623 қаулысымен бекітілген «Электронды мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Ережесінің 3-қосымшасына сәйкес рәсімдеген келісімді ұсына отырып, біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген.

         Осыдан кейін, аталған заң бұзушылық факт Басқармамен анықталып, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 10-бабының талабына сәйкес, «Қазалы Тұлпары» ЖШС-ін жосықсыз қатысушы деп тану туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз берілген.

         Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының 26.12.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкер «Қазалы Тұлпары» ЖШС-і жосықсыз қатысушы деп танылған.

         11.02.2015 жылы жауапкер өкілімен апелляциялық шағым беріліп, апелляциялық сот алқасының 11.03.2015 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылып, апеляциялық шағым өзгеріссіз қалдырылған.

                  

3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстарына қатысты

         Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының методикалық жадынама жинағы әзірленді.

         Методикалық жадынамада мемлекеттік сатып алу саласы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің, тапсырыс берушілермен ұйымдастырушыға ұсынылатын құжаттардың тізімі мен үлгілері, веб-порталға жариялауға тиісті жылдық жоспарды енгізуден бастап, жеңімпазды анықтау мен шарттарды электронды әзірлеу, оны енгізуге дейінгі аралық толық қамтылған және ол туралы түсіндірме мен орындау тәртібі көрсетілген материалдар толық енгізілген.

         Әдістеме жинағы CD диск түрінде дайындалып, облыстық басқармаларға және барлық қала-аудан әкімдіктеріне жолданған.

         2015 жылдың 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алу заңына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы» яғни, күнделікті электронды мемлекеттік сатып алуларда кездесетін өзекті мәселелер мен тәжірибеде кездесетін ситуацияларды талдау және олар жөнінде сұрақтарға жауап алу мақсатында 18 академиялық сағат семинар өткізілді.              

         Семинарда ҚР мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің тікелей әзірлеушісі эксперт-практик Г. Амрина және А. Шағырбаева дәріс оқыды. Семинарға облыстық басқармалардың, қала және аудандық білім және денсаулық бөлімдерінен барлығы 49 тыңдаушы қатысып, өзекті сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.

         Өз кезегінде, облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен 2015 жылы біршама семинар сабақтар өткізіліп, дәріс оқуға Басқарманың білікті қызметкерлері шақыртылған.

         Атап айтқанда:

         -        12.01.2015 жылы Шиелі аудандық қаржы бөлімінің ұйымдастыруымен «ҚР Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы И. Махшатов және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Ұ. Алимова;

         -        26.01.2015 жылы Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңы» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарма басшысының орынбасары Ж. Ерсетйова;

         -        05.02.2015 жылы «Мемлекеттік мекемелерде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу тәртіптері» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарма басшысының орынбасары Т. Исмағұлов;

         -        13.02.2015 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама. Жаңалықтарға шолу» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарма басшысының орынбасары Ж. Ерсейтова;

         -        19.02.2015 жылы «Мемлекеттік мекемелерде тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу тәртіптері» тақырыбындағы семинарға Басқарма басшысының орынбасары Т. Исмағұлов;

         -        02.03.-06.03.2015 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарма басшысының орынбасарлары Т. Исмағұлов, Ж. Ерсейтова және Басқарманың жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Д. Әміржан, осы бөлімнің бас мамандары Ж. Сейтжанов, Ұ. Алимова;

         -        05.03.2015 жылы Қармақшы ауданыны әкімдігінің «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинарға Басқарма басшысының орынбасары Т. Исмағұлов;

         -        10.03.2015 жылы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару» тақырыбындағы семинарға Басқарма басшысының орынбасары Т. Исмағұлов дәріс оқуға қатыстырылған.

 

4. 2015 жылдың I тоқсаны бойынша мемлекеттік сатып алу

конкурстары бойынша

      2015 жылдың I тоқсанына дейін  басқармамен жалпы құны 1 млрд. 035 млн. 258 мың 733 теңге 14 тиынге (ҚҚС-сыз) 9 мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Оның ішінде:

      - күрделі жөндеу жұмыстары және мектеп құрылысы бойынша - 7 конкурстар;

      -  V инвестициялық форумын өткізу қызметіне - 1 конкурс;

      - тауарды сатып алу бойынша - 1 аукцион.

      Қазіргі таңда 9 мемлекеттік сатып алулар бойынша өтінімдер қабылдануда.

 

5. 2015 жылдың I тоқсанға бюджет қаражатын игеру бойынша

         2015 жылға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жылдық қаржыландыру жоспары 36560,0 мың теңге көлемінде бекітілген. Оның ішінде I тоқсанға 7338,0 мың теңге жоспарға сәйкес бекітіліп, жоспар бойынша 7248,0 мың теңгеге игерілді немесе 98 пайызға орындалды.

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 10-01-2017 11:06

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика