ҚЫЗЫЛОРДАДА "ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ" ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР
Кеше фестивальге қатысушы қонақтар алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейі, Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан қала тарихы музейі және "Рухани жаңғыру" орталығына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Шара А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Тұран – түркі есігі, Қорқыт - жырдың бесігі» атты өнерпаздар концертіне ұласты.
Шараның екінші күні облыстық мекемелер үйінде «Қорқыт ата мұраларының Түркі әлеміндегі рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Жастар ресурстық орталығында «Түркі әлемін тоғыстырған Сыр елі» атты түркітілдес елдер жастарының пікір алмасуы өтеді. Сол күні кешке «Достық үйінің» алаңында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болады. Ал шараның соңғы күнінде қаладағы оқу орындары мен облыстық филармонияда өнерпаздар шеберлік дәрістерін көрсетеді. Түскі үзілістен соң құрметті қонақтар Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» ескерткіш кешеніне барады. Ол жерде Сыр елі қолөнер шеберлерінің ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі және «Алтыбақан» жастар ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Кешке фестивальдің салтанатты жабылу шарасы болады.
2006 жылдан басталған өнер фестиваліне Түркия, Иран, Грузия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақ¬станнан 150-ге жуық өнерпаз бен фольклортанушы ғалымдар қатысуда.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика